Get Mystery Box with random crypto!

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккенд | Bugin.kz

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 46 104 адамға жетті. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған елдің Министрлер кабинетінің отырысынан кейін теледидар арқылы сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ел билігі табиғи апаттан қираған аумақтарды тез арада қалпына келтіруге бел байлағанын баса айтты.

«Біздің мақсатымыз - алдағы екі айда 244 мың ғимарат пен 75 мың ауылдық үй құрылысын бастау», - деді Ердоған.

Оның 22 мыңының құрылысы басталып кеткенін де айтып өтті.