Get Mystery Box with random crypto!

Журналист Кенжегүл Тергембайдың Facebook желісіндегі қазіргі б | Bugin.kz

Журналист Кенжегүл Тергембайдың Facebook желісіндегі қазіргі билікке қатысты жазбасы қызу талқыға түсті.

«Мысалы: Ассамблея таратылсын; «орыс тілінің ресми тіл» ретіндегі статусы жойылсын; Павлодар, Петропавл қалаларының атауы өзгертілсін; үлкен лауазымдарға мемлекеттік тілді білмейтіндер (соның ішінде өзге ұлт өкілдері) отырмасын; сот жүйесі реформалансын; сайлаулар әділетті өтсін және тағы басқа талаптар ұзақ жылдар айтылып келеді, бұл бүкіл халықтың талабы. Билік құлақ асты ма?! - жоқ!

Аспайды да. Себебі, олар өздеріне ғана жайлы системаны құрып алған. Сол комфорттан шыққысы келмейді. «Халық не ол, тәйірі, шулайды да қояды!» Міне, осындай ұстаныммен билікті жалғастыра береді. Меніңше жаңа Қазақстан тек билік басындағы «екі шайыр» Алла алдына есебін беруге кеткенде ғана болады. Онсыз қазақтың басындағы қара бұлт сейіле қоймас»,- делінген жазбада.