Get Mystery Box with random crypto!

Ақпарат материалында мынадай сөйлем болмағаны дұрыс: 'Қылмыс | Қатал редактор

Ақпарат материалында мынадай сөйлем болмағаны дұрыс:

"Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев 15 жыл түрмеде отырып, биыл күзде босатылып, көп ұзамай қайтыс болған диссидент, ақын Арон Атабектің денсаулығына байланысты пікір айтты" (с).

28 сөзден тұратындықтан емес, "біртүрлі" сабақтас құрмалас болғандықтан.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев 15 жыл түрмеде отырып...

Сөйлемнің аяғына жеткенше түрмеде Атабек емес, Аюбаев отырғанына күмән қалмайды. Бұл кәдімгі құрмалас сөйлем емес, бағыныңқысындағы тиянақсыз баяндауыш бастауыш істеген әрекет емес.

"ҚазАқпараттың" бір тақырыбы еске түсті:

Аружан Саин өгей әкесінен таяқ жеп, ауыр халде жатқан баланың ісін қолға алды.

Толықтауышқа күрделендірген анықтауышты "қолдан" жалғағаннан ой бұзылып тұр. Бастауыш бағыныңқыда, оның тікелей іс-әрекеті басыңқыда тұрмауы керек. Сонда ақпарат тілінде сөйлеміңіз құрмалас болып жатса, субъект пен әрекет бағыныңқыңыз аяқталғанша, үтірі қойылғанша тікелей байланысуы керек екенін ескеріңіз.

Біздің медиадан басқа да мысалдар:

Дінтанушы ес-түссіз ғашық болып,
Сирияға кеткен алматылық арудың хикаясын баяндады.

Алматылық полицейлер жас жігітті бөлшектеп,
басын қоқысқа лақтырып кеткен күдіктілерді анықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің ақшасын жеп,
шетел асатын азаматтарға тосқауыл қоюды тапсырды.

Имам Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен түрмедегі теріс ағымға кіріп,
оны насихаттаған адамдармен сұхбаттасты.