2021-09-06 10:08:25
Өткен аптада Алматы қаласы бойынша “Болашақ” Ассоциациясының директоры Аукенова Арайлым Болатқызы “РюкзакPen” атты Алматы қаласы бойынша “Болашақ” Ассоциациясының қайырымдылық жобасы аясында ШҚО, Жарма ауданы, Үшбиік ауылындағы “Ақтайлақ би” атындағы орта мектептің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан 50 оқушыға арналған сөмке ( рюкзак) мен оқу құралдарын табыс етті.
Сондай-ақ “Біздің біліміміз-біздің елге” жобасы аясында жоғарғы сынып оқушыларына мотивациялық лекция өткізілді. Ал ауыл мұғалімдеріне “Болашақ” бағдарламасының қазіргі таңда беріп жатқан мүмкіндігі туралы ақпарат айтылды.
Келешекте мектеп түлектері, жоғары буын оқушыларына мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мен педагогтарға арналған жобалар туралы өзара ынтымақтастық құру жайлы мектеп директоры Қанапиянов Ерзат Бияхметұлымен келіссөз жүргізілді.
Балалар сабақтарын жақсы оқып, білім шыңына көтеріле берсін!
—————————
На прошлой неделе в рамках благотворительного проекта “РюкзакPen” директор Ассоциации “Болашак” по г. Алматы Аукенова Арайлым Болатовна от имени Ассоциации “Болашак” по г. Алматы поехала в ВКО, Жарминский район, село Ушбийк, среднюю школу им. “Актайлак би” и вручила 50 детям из малообеспеченных и многодетных семей 50 школьных рюкзаков наполненные канцелярскими принадлежностями.
А так же в рамках проекта “Наши знания-нашей стране” провела мотивационную лекцию старшеклассникам школы. Для популяризации стипендии “Болашак” среди сельских учителей, так же было проведено разъяснительная лекция о нынешних возможностях стипендии “Болашак” для сельских учителей и не только.
Договорились о менторстве со стороны Ассоциации “Болашак” по г. Алматы для школьников из села Ушбийк с директором средней школы им. “Актайлак би” Канапияновым Ерзатом Бияхметовичем.
Желаем отличной учебы и счастливых школьных дней!
74 views07:08