Get Mystery Box with random crypto!

Өз-өзіңді жақсы көр. Бұл сөздерді біз күнде естиміз, оқимыз, қ | БИЗНЕС БІЛІМ

Өз-өзіңді жақсы көр. Бұл сөздерді біз күнде естиміз, оқимыз, құлақ әбден үйренді. Бірақ елдің барлығы айтып жүрген өзін жақсы көру дегенді біз қалай түсінеміз?

Өзің жақсы көретін шоколадты жеп, ең дәмдіні өзіңнен аямау, қалаған тамағыңа шектеу қоймай асай беру, ең жақсы киімді өзің киіп алу бұл өзіңді құрметтеу дейді ақылдылар. Меніңше бұл өз әлсіздіктеріне шектеу қоя алмау және жай ғана эгоизм.

Өзіңді жақсы көру дегеннің өзгелерді жақсы көруден еш айырмашылығы жоқ. Біз бір жанды жақсы көргенде оны бар болмысымен қабылдаймыз, кемшілігіне көз жұмамыз, ол бізге әлемдегі ең жақсы адам болып көрінеді. Біз баламыз болсын, бауырымыз болсын, жақсы көрген адамымызға тек жақсылық қалаймыз. Денсаулығы жақсы, өмірі сәнді болса дейміз.

Дәл солай өзін жақсы көру де ішіңіздегі нұрды көре білу. Жүрегіңіздегі махаббатты айналаға көрсете білу, бар кемшілігімізбен өзімізді қабылдау, ол үшін өзімізді кінәламай, керісінше жақсаруға ұмтылу. Зиянды асты жеуге жол бермеу, денемізді күте білу.