Get Mystery Box with random crypto!

ЭТО-НОРМАЛЬНО ⠀ Кейде бәрінен шаршап, бәрін тастап кеткіңіз ке | БИЗНЕС БІЛІМ

ЭТО-НОРМАЛЬНО

Кейде бәрінен шаршап, бәрін тастап кеткіңіз келсе - ол қалыпты жағдай(нормально).
Басқалармен араласпай, ешкіммен сөйлескіңіз келмесе - ол нормально.
Үйден шықпай, бірнеше күн жату - ол да нормально.
Сіз әрқашан позитивті болып, жарқырап, жанып, энергияңызды кім көрінгенге шашып жүруге міндетті емессіз. Сіз әрқашан күліп, жыламай жүруге де міндетті емессіз.

Айтайыншы, адамдар өздері "типа" дұрыс өмір сүруді өздері фантазияларымен қалыптастырып алған. "Анау болмайды, мынау болмайды" дегеннің бәрі сол фантазиямен өмір сүретіндердің сылтауы. Болады, бәрі болады, тек ұяттың шеңберінде.

Жұртты емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Ұялмаңыз, ұйқыңыз келе ме, ұялмай ұйықтап алыңыз. Жылағыңыз келе ме? Ішіңіздегінің бәрін шығарыңыз. Өтірік намысты былай ысырыңыз да басқадан ақыл сұраңыз, барыңыз да жақсы көретініңізді айтыңыз.
Шындығында "жұрт не дейд" деп өзімізге проблема жалғайтын өзіміз ғой. Жүрек қалауыңызбен еркін өмір сүріңіз.
Болды