Get Mystery Box with random crypto!

Facebook-те техникалық ақау болды 24 тамызда Facebook-те болғ | Бірге тексерейік!

Facebook-те техникалық ақау болды

24 тамызда Facebook-те болған ақаудан қолданушылар өзге пайдаланушылардың парақшасына жазба орналастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы The Verge хабарлады.

The Verge дерегінше, Lady Gaga, Nirvana және The Beatles секілді танымал тұлғалардың аккаунтында күмәнді жазбалар пайда болған.

Кейбір қолданушылар ақауды пайдаланып, PayPal арқылы қайырымдылық жасауға немесе криптовалюта жобаларын жарнамалаған.

Кейінірек Meta өкілі Александру Войка (Alexandru Voica) ақауға «конфигурацияның өзгеруі» себеп болғанын және оның түзетілгенін мәлімдеді.