Get Mystery Box with random crypto!

Community of Investigative Journalists — журналистік зерттеу м | Бірге тексерейік!

Community of Investigative Journalists — журналистік зерттеу мен фактчекиң дағдыларын жетілдіруге арналған курс.

Жобаны Factcheck.kz пен «Власть» редакциялары әзірлеген. Курс 6 трениң және тәлімгерлер командасының қолдауымен өтеді. Сабақтар гибрид форматта болады: Алматы қаласында тұратын қатысушылар Factcheck.kz редакциясында өтетін оффлайн сабақтарға қатыса алады. Өзге өңірлердегілер онлайн қатысады. Сабақтар орыс тілінде 2022 жылы қыркүйек-қазан аралығында кешкі уақытта өтеді. Курсқа Орталық Азия журналистері қатысады, сондықтан іс-шара өтетін тіл ретінде орыс тілі таңдалды.

Қатысушылар оқу барысында журналистік зерттеу жүргізіп, оны медиада жариялаға тиіс. Курсты өте жақсы тәмамдаған түлектерге сертификат беріледі және Factcheck.kz пен «Власть» редакцияларында тағылымдамадан өтуге шақырылады. Өзін жақсы қырынан көрсеткен мамандар жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады.

Курс тренерлері – халықаралық және қазақстандық беделді журналист-зерттеушілер мен фактчекерлер.

Курсқа қатысуға журналистік зерттеумен жүргізудің қыр-сырын меңгергісі келетін не одан әрі жетілдіргісі келетін Қазақстан және Орталық Азия журналистері шақырылады. Қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Орын саны шектеулі.

Өтініштер 9 қыркүйекке дейін қабылданады: https://forms.gle/ST7fVjmKdemfiZcm9

Курс соңында түлектер тәжірбие алмасу мен коллаборация үшін кәсіби журналист зерттеушілердің қатысуымен өтетін жабық іс-шараға қатысуға шақырылады.

Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азиядағы журналист зерттеушілер қауымдастығының дамуына ат салысу.

“Қазақстандағы және Орталық Азиядағы журналист-зерттеушілер қауымдастығын қолдау” жобасын MediaNet халықаралық журналистика орталығы мен «Власть» интернет-журналы жүзеге асырады. Жоба Internews USAID қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында? америкалықтардың, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен ұйымдастырылмақшы. MediaNet ХЖО курстық мазмұнына жауапты, ол USAID, АҚШ Үкіметі немесе Internews позициясын білдіруі міндетті емес.

Барлық сұрақтар бойынша жоба координаторы Снежана Цойға хабарласыңыз:
snezhana.tsoy@medianet.kz.