Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @biliminsider
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 11.78K
Арнадан сипаттама

Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 34

2022-09-01 08:32:56 Мемлекет басшысы:

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек»

t.me/bort_01
1.1K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 14:25:39 «Оқушыларда жаһанды құзыреттерді қалыптастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында республикалық онлайн семинар ұйымдастырылады:
қазақ тілінде – 2 қыркүйек 16:00-18:00.

Семинар аясында қарастырылатын сұрақтар:
1. Жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша заманауи мұғалімнің қызметін жобалау.
2. Негізгі мектеп оқушыларының жаһандық құзыреттіліктерін бағалаудың негізгі тәсілдері.
3. Жаһандық құзыреттер тапсырмалар жүйесінің сипаттамасы.

Семинардың спикері – Нурмагамбетова Ботагоз Амангельдиновна,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Павлодар педагогикалық университетінің педагогика Жоғары мектебінің профессоры.
2 оқу құралының, 1 монографияның, 60 ғылыми мақаланың авторы.
Семинар аясында үлестірме материал таратылады

Семинар құны - 3000 теңге
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға қатысу үшін www.sana-iq.kz сайтында тіркеліп, ұйымдастырушымен хабарласу қажет:
+77084251805 (whatsapp)
+77084251806 (whatsapp)
787 views11:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 05:15:53 Асхат Аймағамбетов педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы

Жыл басында мұғалімдердің, ауыл директорлары мен директор орынбасарларының, қала мектептерінің, білім бөлімдері мен білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен педагогтердің аттестациядан өту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы өз ұсыныстарын жасады. Негізінен олар әдістемеге, әрбір біліктілік санатына қойылатын талаптарға, күтілетін нәтижелерге, кәсіби стандарттың өзара байланысына және т.б. қатысты.

Қазіргі уақытта барлық педагог аттестацияның екі кезеңінен өтеді: бірінші кезең - барлық педагогтің пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тестілеуден міндетті түрде өтуі және екінші кезең-педагог портфолиосын, жетістіктерін бағалау.

Мынадай өзгерістер ұсынылады.
Бірінші кезеңге, яғни ҰБТ-ға (Ұлттық біліктілік тесті) қатысты.

1. Әдістеме бойынша тестілеу сұрақтарын қамтитын толық тақырыптар мен әдебиеттер барлығына қолжетімді болады.

2. Педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.

3. Сондай-ақ педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

4. Зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады. Ал егер олар қолданыстағы біліктілік санатын, тиісінше алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

Аттестацияның екінші кезеңінде де өзгерістер болады.

1. Құжаттардың саны айтарлықтай қысқарады. Екінші кезеңдегі негізгі бағалау критерийлері: сабаққа қатысуы және оны талдауы, педагогтің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. ҰБДҚ-да әр мұғалім үшін маңызды ақпараты бар электронды портфолио құру жоспарланып отыр, мұғалімдер аттестация кезінде мәліметтерді сол жерден ала алады.

2. Оқушылардың білім сапасы туралы ақпарат ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.

3. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың жетістіктеріне келетін болсақ (олимпиадалар мен конкурстар), олимпиадалар мен конкурстардың тізбесі айтарлықтай кеңейтіледі.

4. Сабақтардың бейнежазбалары міндетті болмайды, оның орнына қатысқан сабаққа және lesson study талдау жасалады.

5. Сонымен қатар тестілеуден өту тәртібін бұзған және өз жетістіктері туралы жалған ақпарат көрсеткен тұлғаларға 5 жылға аттестациядан өтуге тыйым салатын норманы енгізу ұсынылды.

6. Педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер «педагог-тағылымгер» уақытша біліктілігін алып, бір жылға жұмысқа қабылданады, содан кейін оларда мамандыққа бейімделу, ену бағдарламасы басталады. Бұл бағдарлама бойынша жас маманға тәлімгер бекітіліп, оның кәсіби даму бағдарламасы әзірленеді, курстардан өтіп, lesson study жүргізеді және бағдарлама қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес «педагог» санатын беру және шартты ұзарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

7. Аттестация мерзімін 3 жылға дейін қысқартпай, 5 жылда бір рет, яғни сол күйінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

Қабылданып жатқан шаралар мұғалімдерге өздерінің біліктілік деңгейін арттыру мәселелеріне тиімдірек қарауға мүмкіндік беріп, негізгі міндетті, яғни білім сапасын арттыруды шешетініне сенімдімін.

Әріптестеріңізге жолдаңыз!Отправляйте коллегам!
8.5K viewsedited  02:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:18:54
Кәсіподақ туралы Сіздің ойыңыз қалай?

https://www.facebook.com/100003729556942/posts/pfbid0di4HzFtQVDitHn9k4beah7VVxP5jeHP8jBwhxdptiwCcgrR8CWRWqGGonR2KfCMdl/?d=n
1.1K views06:18
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 15:32:30 Зарплата учителя в Казахстане обычно не дотягивает до среднего показателя по стране. Однако в зависимости от регионов, картина может сильно отличаться. О том, где учителя зарабатывают больше, а где – меньше, рассказали аналитики

https://www.nur.kz/nurfin/economy/1985001-gde-v-kazahstane-samye-vysokie-zarplaty-u-uchiteley/
3.4K views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 09:09:51 ​ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагогтердің мәртебесін көтеруге қатысты берген тапсырмасын орындау мақсатында тағайындалады.

Құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған.

Төсбелгі ұстаздық қызметтегі еңбек өтілі 25 жылдан асатын сала ардагерлеріне беріледі.
3.8K views06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 14:28:42 В каких регионах Казахстана младшеклассников кормят в школах бесплатно?

Заместитель премьер-министра Казахстана Ералы Тугжанов в ответе на депутатский запрос сообщил, в каких регионах страны ученики 1-4 классов на 100% обеспечены горячим питанием.

Более 607 тысяч учащихся 1-4 классов получают бесплатное питание в школах.

Это школьники:
• Нур-Султана;
• Шымкента;
• Атырауской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Павлодарской областей;
• Первоклассники из Акмолинской и Мангистауской областей.

С сентября планируется обеспечить бесплатным школьным питанием учащихся 1-4 классов города Алматы. Решение вопросов организации для каждого школьника бесплатного питания в связи с их высокозатратностью будет осуществляться поэтапно.

С какого вы региона?
3.2K views11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 19:49:59
Жаңа оқу жылына дайындықтарыңыз қалай?
3.7K views16:49
Ашу / Түсініктеме
2022-08-23 08:27:46
Жаңа Қазақстанда кез келген сұрақ жауабын табуы тиіс!!!
3.6K views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 11:35:31 ​Алматы мен СҚО-да 200 мыңнан астам оқушы бес күндік оқу аптасына көшеді

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен бірге осы өңірлердегі 25 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады. 5 күндік оқуға мектептер 100% көшеді.

Алматы және СҚО білім басқармаларының басшыларының хабарлауынша, Алматыда бұрын сенбі күндері оқыған 166 мың бала мен жұмыс істеген 13 мың мұғалімі бар 124 мектеп енді бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен қатар тек 1 ауысымда 16 мектеп бес күндік форматта оқиды.
СҚО-да да бес күндік оқуға 74 мыңға жуық бала оқитын 470-тен астам мектеп 100% көшеді. Бір ауысымда 23 мың оқушысы бар 254 мектеп оқиды. Осылайша мұғалімдерге де, оқушыларға да жүктеме азаяды.

Президент педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қолдауының арқасында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жүктемесі қысқартылды.

Заңға тәуелді актілер қабылданып, әкімдіктер бұрынғыдай мұғалімдерді міндетінен тыс артық жұмыстарға тартпайды. Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар аясында алдағы уақытта сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналады. Бұл әріптестерімізге сабаққа дайындалып, уақытты отбасымен бірге өткізуге мүмкіндік береді. Мұның балаларға берер артықшылықтары бар, енді олардың да көбірек бос уақыты болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық, – деді Оқу-ағарту министрі кездесуде.
4.0K views08:35
Ашу / Түсініктеме