Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі biliminsider — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @biliminsider
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 11.78K
Арнадан сипаттама

Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 32

2022-09-29 14:27:02 Әлеуметтік желідегі қазақтілді конттентті дамыту маңызды - Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Meta» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Бұл компанияның құрамына Facebook, Instagram және What’s App мессенджері сияқты әлеуметтік желілер кіреді. Министр кездесу барысында осы әлеуметтік желілер кеңістігінде білім беру саласындағы ынтымақтастық және оны танымал ету мәселелерін талқылағанын жеткізді.

Біз үшін білім беру бағытындағы контентті, әсіресе оны қазақ тілінде насихаттау және балаларды қажетсіз, жағымсыз контенттен қорғау мәселелері маңызды.

«Метаның» Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры мен басқа да әріптестер бастамаларымызды қолдағанына қуаныштымын, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұған қоса ведомство басшысы Facebook платформасында мұғалімдер белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, түрлі проблемаларды көтеріп, жаңалықтармен бөлісіп отыратынын айтты.

Сонымен қатар бүгінгі күні мұғалімдеріміз Instagram алаңын белсенді пайдаланып, оқушыларға белгілі бір пән туралы мәлімет беріп, сол арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырып жүр. Ал біз ұстаздардың мұндай бастамаларын құп көріп, әрқашан қолдаймыз. Сонымен қатар педагогтеріміздің оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне заманауи тәсілдермен тартуға деген ұмтылысы мақтауға тұрарлық, – деді министр.

Оның айтуынша, Джордж Чен әріптестерімен бірге қазақстандық мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін атап өтіп, мұғалімдерге арнайы тренингтер өткізуді ұсынған. Бұл тренингтер мұғалімдерді балаларды оқытуда түрлі цифрлық ресурстарды белсенді пайдалануға үйретуге бағытталады.

«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасып, оны одан әрі дамытамыз деп ойлаймын», – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.
134 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-09-28 06:46:53 Должен ли каждый учитель английского языка в школе иметь сертификат IELTS? Я думаю - да. Английский дети проходят с 1 (3) класса, а результата нет. Результат только благодаря частным центрам.
264 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-09-28 06:46:38 Должен ли каждый учитель английского языка в школе иметь сертификат IELTS?
Я думаю - да.
Английский дети проходят с 1 (3) класса, а результата нет. Результат только благодаря частным центрам.
271 views03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-09-28 05:48:36 Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрықты қабылдадық - Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың Фейсбук парақшасынан

Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады.

Бұйрықтың негізгі тармақтарына тоқталып өтейін.

1. Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілді.
Олардың ішінде:
- өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Сондай-ақ дабыл түймесі мен ішкі дауыстық ескерту жүйесі болуы қажет.
- Міндетті түрде бейнекамералар орнату.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау.
- балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға сәйкестігі.
- Балаларға қолайлы пәндік дамыту ортасын қалыптастыру үшін балабақшаларды қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау.
- медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету;

2. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін тиісті біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет.

3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі өзгертілді. Бұрын білім басқармалары мемлекеттік тапсырысты орналастырған кезде белгілі бір балабақшаға нақты орын санын көрсетсе (мысалы, «Балбөбек» - 100, «Еркетай» - 100 орын), енді барлық талапқа сәйкес келетін балабақшалар мемлекеттік тапсырыс алатын ұйымдардың жалпы тізбесіне енгізіледі. Содан кейін ата-аналардың өздері балабақшаға жолдама алған кезде осы тізімнен нақты балабақшаны таңдай алады. Яғни қанша ата-ана балабақшаны таңдаса, сол орындарға сәйкес қаржыландыру балабақшаға түседі.

4. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Егер бұрын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар көп құжатты ұсыну қажет болса, енді тізім 4 құжатқа дейін қысқартылды. Қалған құжаттар ақпарат жүйелерінен алынады.

5. Электронды түбіртектер енгізіледі. Бұл шара «жалған орынға» айналған тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Яғни мектепке дейінгі ұйым қаржыландыру алып, бірақ балалардың мәлімделген саны сәйкес келмеген жағдайда.

6. Енді білім басқармаларына мемлекеттік тапсырысты орналастыру Тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін балабақшалардың жұмысымен, жағдайымен танысу құқығы берілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мұндай мониторинг міндетті түрде балабақшалар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі керек.

7. Рәсімнің ашықтығы үшін өтінімдер мен барлық құжатты комиссия міндетті түрде бейне және аудиожазбамен қарайды.
Сонымен бірге мемлекеттік тапсырысты алу үшін берілген өтінімдер мен құжаттарды енді білім бөлімі сайтқа орналастыруы тиіс. Қоғам ұсынылған құжаттарды көре алуы үшін және соның негізінде осы мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алушылар тізіміне енгізілген. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, мемлекеттік тапсырысты орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуі керек.
516 views02:48
Ашу / Түсініктеме
2022-09-26 17:23:22 Как вернуть моду на чтение: форум библиотекарей завершился в Павлодаре

Первый в истории Павлодарской области форум библиотекарей оживил и всю педагогическую общественность.

https://pavlodarnews.kz/novosti/kak-vernut-modu-na-chtenie-forum-bibliotekarey-zavershilsya-v-pavlodare/
682 views14:23
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 17:20:17 Оқушыларға математиканы үйренуге көмектесетін қызықты және пайдалы ресурстарды іздеп жүрсіз бе?

«
Цифрлық білім» арнасы сізге көмектесе алатын ресурстар тізімін жариялады

Жазылыңыз және әріптестеріңізге жіберіңіз!

——

Ищете забавные и полезные ресурсы, которые помогут вашим ученикам изучать математику?

Канал «Цифрлық білім» опубликовал список ресурсов, которые могут помочь именно тебе

Подписывайся и отправляй коллегам!

https://t.me/digital_bilim/8
1.6K views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-09-21 15:08:24 Өскеменде мектепте еден жуушы әйел қайтыс болды – оқиғаның мән-жайы

Өскемен қаласында 25-ші орта мектепте қайғылы жағдай болды. Оқу ісінің меңгерушісімен ұрсысып қалған еден жуушы кабинеттің алдында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте мектепте еден жуатын әйел мен оқу ісінің меңгерушісі жанжалдасып қалды. Осыдан кейін тазалыққа жауапты келіншек таблетка ішкен-міс. Артынан жағдайы нашарлап, меңгеруші отыратын кабинеттің алдында жан тапсырды дейді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу шараларының басталғанын да хабарлады. Алайда күні кеше қылмыс басқа бапқа ауыстырылды.

"Іс ауыстырылды. 105-ші бапты алып тастады. Қайтыс болған әйелде гипертония болған, жүрегі де ауырды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде істің мән-жайын анықталып жатыр. Тергеу шаралары қолға алынды.

https://sputnik.kz/20220918/oskemende-mektepte-eden-zhuushy-qaytys-boldy--oqiganyn-man-zhayy-27679369.html
1.7K views12:08
Ашу / Түсініктеме
2022-09-20 12:39:44 OQYLYQ.ONLINE сервисінде математика, алгебра, геометрия, ағылшын, қазақ, орыс тілдері және т. б. бойынша 1-11 сынып оқушыларына арналған мыңға жуық электрондық оқулықтар жиналған.

Оларды сервистен іздеп, электронды портфельге қос және мектепке ауыр рюкзак тасыма!

https://oqylyq.online
2.1K views09:39
Ашу / Түсініктеме
2022-09-13 13:42:34
4.0K views10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-09-13 13:42:33
3.2K views10:42
Ашу / Түсініктеме