Get Mystery Box with random crypto!

Өз басым осы заңның 'жастар дамуы индексі', 'жастармен жұмыс ж | Bilim & Jastar

Өз басым осы заңның "жастар дамуы индексі", "жастармен жұмыс жасау жөніндегі маман", "жастар ресурстық орталықтары (кейбір тармақшалары)" туралы нормаларын дайындауға қатысқан болатынмын.

Заң тура өзіміз қалағанымыздай шықпаса да, кейбір нормалар еліміз үшін өте маңызды. Мысалы, алғашқы рет "Жастармен жұмыс жөніндегі маман" лауазымы заңдық тұрғыда бекіді, енді оның біліктілік талаптары бекітіледі. Жастар ресурстық орталықтарында осы біліктілік талаптарына сай келетін адам ғана жұмыс жасайды деп күтілуде.

Қазіргі таңда ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті осы лауазымның кәсіби стандартын дайындаумен айналысып жатқандығын атап өту қажет.

Сондай-ақ, жастардың әл-ауқаты мен дамуына тұрақты түрде жүйелі мониторинг жүргізу үшін Жастар дамуы индексі енгізіледі. Енді осы индекс арқылы бірнеше саланың жастарға қатысы бар бөліктері бойынша үлкен талдамалық және бағалау жұмысы жүргізілетін болады. Бастысы, бұл жұмыс жазалау емес, нақты сараптамалық болғаны игі.

Заңға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000285