Get Mystery Box with random crypto!

Поляк тәжірибесі ең алдымен, ортақ кеңестік мұраға қатысты бол | Channel

Поляк тәжірибесі ең алдымен, ортақ кеңестік мұраға қатысты болуымен, орталықтандырылған және идеологиялық білім беру жүйесімен қызықты. 1999 жылы бірнеше жылдың ішінде PISA көрсеткіштерін арттыру түрінде нәтиже бере бастаған реформалар іске қосылды. Мақалада осы реформалардың кемшін тұстары мен сын-тегеуріндері жайында да айтылған. Ең қызықтыларын атап айтатын болсам, ол - реформаны жүргізу жолындағы ауқымды жұмыстар, биліктің ата-аналар мен бүкіл қоғамға реформалардың мақсаттары мен принциптерін жеткізуі.
Алайда, PISA зерттеуіндегі ел көрсеткіштерінің күрт өсуіне, осы өзгерістердің тиімділігіне қарамастан, кезекті сайлауда билікке келген жаңа үкімет 2017 жылы ескі білім беру жүйесін қайта жаңғыртып, бұрынғы уақытқа қайта оралады. Егер ақпарат қызықты болса, толығырақ сілтемеге өтіп, оқуға болады.

Осы кітапта келтірілген Польшаның, және басқа елдердің тәжірибесі білім беру саласындағы реформалар азаматтардың көп бөлігін қамтитын, сондай-ақ жүйелі, үздіксіз көзқарасты қажет ететін өте ұзақ процесс екенін көрсетеді.

https://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-030-41882-3_7