Get Mystery Box with random crypto!

​​ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕС | Channel

​​ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ

2020 жылғы 22 қазан
АЙТЫЛДЫ:

«Оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту еліміздегі орта білім беру ісінің басым бағытына айналуға тиіс. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет».

ОРЫНДАЛДЫ:

Министрлік білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мен «Оқуға құштар мектеп» жобасын әзірледі.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханалары 2,2 млн-нан астам балаларға арналған көркем әдебиетпен толықты.

2021 жылдан бері қазақстандық мектептерде жаңадан 30 кітапхана мен 165 оқу залы ашылды. Оқырмандар саны 74 449 адамға көбейді.

Кітап оқуға ұжымдық қызығушылықты ынталандыру үшін «Сыныптың, топтың үздік оқырманы», «Ең көп оқитын сынып, топ», «Мектептің, колледждің жыл оқырманы» байқаулары ұйымдастырылады.