Get Mystery Box with random crypto!

Қостанай облысы білім басқармасы

Telegram арнасының логотипі bbko_2021 — Қостанай облысы білім басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі bbko_2021 — Қостанай облысы білім басқармасы
Арна мекенжайы: @bbko_2021
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.51K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-05-15 16:41:36 Жергілікті органдардың, атап айтқанда, жастар саясаты басқармаларының жұмысының тиімділігіне қатысты да белгілі сұрақтар туындайды, олардың қызметі көбінесе дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға және іс жүзінде көмекке мұқтаж емес жастардың белсенді бөлігімен жұмыс істеуге бағытталған. Бірақ негізгі жастар қауымымен тыңғылықты жұмысқа жеткілікті көңіл бөлінбейді» деді.

«Біз балаларымыздың негізгі ақпараты көшеден іздейтінін, түрлі азғырулар мен деструктивті әрекеттердің ықпалына ілігіп, мыңдаған жасөспірімнің неліктен өмірмен қоштасқысы келетін себептірін жүйелі түрде зерделеуіміз керек», - деп түйіндеді А.Балаева.

Форумның модераторы Білім министрі Ғани Бейсембаев өз сөзінде «балалар ата-анасының үлгісімен тәрбиеленеді. Мектеп технологиялық сын-қатерлер жағдайында балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған оқу процесіне ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың қатысуының жоғары әлеуетін пайдалануы керек» деді.

Форумға қатысушылар бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар қауымының, мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы бірауыздан өз пікірлерін білдірді.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен рухани құндылықтар негізінде отбасылық келісімге қол жеткізу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу жауапты ата-ананың қатысуынсыз мүмкін емес.

Форум барысында қатысушылар отбасы тәрбиесіне қатысты пікір алмасып, отбасы институтының өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын талқылады.

Секция жұмысы «Мектеп және ата-ана», «Ата-ана және қоғам», «Ата-аналар мен бала денсаулығы», «Ата-аналар мен балалардың қауіпсіздігі», «Ата-аналар мен балаларды әлеуметтік қолдау», «Ата-аналар мен балалардың цифрлық мәдениеті» тақырыптарында 6 бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Форум жұмысы соңында арнайы қарар қабылданды.
57 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 16:41:36 АТА-АНАЛАР ҚАУЫМЫ ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КҮШ БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Бүгін Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Шараға ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері мен еліміздің сарапшылар қауымының өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-аналар қауымының белсенді рөлін арттыру.

Форумда сөз сөйлеген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қазіргі таңда өскелең ұрпақ арасындағы түйткілді мәселелердің өзектілігі күн санап артып келе жатқанына тоқталды:

«Мына жағымсыз статистикаға назар аударыңызшы: 2022 жылы елімізде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 155 және өз-өзіне қол жұмсаудың 309 фактісі тіркелді! 2023 жылдың 4 айында – кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 47 фактісі және өзіне қол жұмсауға оқталудың 137 фактісі болған. Ата-аналар балаларын дәстүрлі емес діни секталар мен топтарға тарту фактілері де жиілеп барады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізде ата-анасы деструктивті діни көзқарасты ұстанатын 2383 бала тұрады».

А. Балаева мектеп оқушыларының агрессивті мінез-құлқы мен әлеуметтік желілерде және шынайы өмірде белең алып жатқан буллингке ерекше назар аударды. «Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде ұрып-соғу, жаппай төбелес, жоғары сынып оқушылары мен жастар арасындағы жанжалдар бар бейне роликтер қаптап кетті. Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде оқушы қызды ұрып-соққан атышулы оқиға болды. Семей қаласының елді мекендерінде де оқушы қыздарға қатысты осындай оқиғалар тіркелді. Жалпы, жастар арасында ерекше қатыгездікке бой алдырған оқиғаларының көбеюін атап өткен жөн. Соның нәтижесінде бүгінгі күнгі мәлімет бойынша ІІБ есепте 3 924 бала тұрса, 6 278 бала мектеп есебінде тұр», - деді ол.

А.Балаеваның айтуынша, жастардың құмар ойындарға деген әуестіктерінің артып келе жатқаны да өткір тұр. «Кейбір мәліметтерге сәйкес, 2022 жылға қарай құмар ойынына тәуелділіктен зардап шегетін қазақстандықтардың саны 350 мыңға жеткен. Сонымен қатар, 15 пен 18 жас аралығындағы құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін жастар санының өсу тенденциясы байқалады» - деді Ұлттық комиссия төрағасы.

А.Балаева интернеттен төнетін қауіптерге де ерекше назар аударды: «ІІМ биыл жыл басынан бері ғана 5 мыңнан астам шетелдік заңсыз интернет-ресурстарды, оның ішінде порнографиялық материалдарды таратып келген 500-ден көп ресурсты анықтады. 2022 жылы уәкілетті органның заңнаманы бұзған жайттарды жою туралы ұсыныстары бойынша интернет-ресурстардың меншік иелері мен әкімшіліктері 65 мыңға жуық құқыққа қарсы материалдарды жою жөнінде шаралар қабылдады. Оның 53 мыңнан астамы – терроризм, діни және этникалық экстремизм идеологиясын таратқаны үшін, екі мыңға жуығы – есірткі және психотроптық заттарды насихаттағаны үшін, 4 мыңнан астамы – порнография, қатыгездік пен суицидке итермелеу фактісі үшін, жеті жүзден астамы – «ойын бизнесі туралы» Заңды бұзғаны үшін, мыңға жуығы – қаржы пирамидалары бойынша. Бұдан басқа, 2022 жылдың басынан бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдаланушылар үшін осындай құқық бұзушылықтар анықталған 14 мың материал бұғатталды. Сондықтан интернет-кеңістікті заңнамалық деңгейде реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу қажет».

«Осылайша, өз елінің лайықты азаматын тәрбиелеуде ата-ана басты рөл атқарады. «Баламды не алаңдатады?», «Мен оны білемін бе?», «Ол маған сене ме?». Көптеген ата-аналар осы және басқа да жүздеген қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды. Әйтпесе, балалар мен жастардың тағдыры осыншама талқан болар ма еді?», - деп сауал тастады А. Балаева.

Мемлекеттік органдардың рөлі мен олардың жастармен жұмысының сапасына қатысты: «Әрине, жоғарыда аталған мәселелер мемлекеттік органдардың жастар арасында идеологиялық жұмыстың жоқтығын немесе нашарлығын да көрсетеді.
70 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 14:59:36
78 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 13:12:07 https://kstnews.kz/news/man-and-nature/item-78876
9 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:46:41
18 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:46:36 СБОРНАЯ КОМАНДА КАЗАХСТАНА УЧАСТВУЕТ В 40-ОЙ БАЛКАНСКОЙ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЕ
10-классник Жан Даутов участвует в международной Балканской математической олимпиаде.
В этом году Балканская математическая олимпиада проводится в городе Анталия (Турция). В нем принимают участие свыше 130 участников из 22 стран балканского полуострова и стран-гостей. Среди них есть и сборная команда Казахстана.
«Олимпиада направлена на поощрение и подготовку талантливых учащихся в области математики, а также дает возможность обмена опытом между странами-участницами. Ежегодно Казахстан участвует в этой олимпиаде и занимает призовые места», — говорит директор РНПЦ «Дарын» Гаждембек Турсынов.
Честь страны представляют шесть школьников. Все они члены олимпийской сборной команды Казахстана, набравшие максимальные баллы по итогам учебно-тренировочных сборов.
В составе команды РК и наш Жан Даутов, ученик 10 класса лицея "БІЛІМ - инновация". Пожелаем Жану и всем нашим ребятам удачи на олимпиаде!
18 viewsedited  09:46
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:45:02
16 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:44:48 Фото профиля kost_b_b
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ МАТЕМАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 40-ШЫ БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУДА

10 сынып оқушысы Жан Дәуітов халықаралық Балқан математика олимпиадасына қатысады.

Биыл математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтуде. 40-шы олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам қатысушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар.
«Олимпиада - математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бұл олимпиадаға жыл сайын қонақ ретінде қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Қазақстан атынан қатысқан құрама командада 6 оқушы бар. Олар оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үздіктер.

ҚР командасының құрамында біздің "БІЛІМ-инновация" лицейінің 10 сынып оқушысы Жан Дәуітов те бар. Жанға және олимпиадаға қатысып жатқан барлық балаларға сәттілік тілейміз!

@bil.qostanay
15 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:23:03 ​​ 168 ШКОЛЬНИКОВ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ НАУЧНО-ТВОРЧЕСКОМ КОНКУРСЕ «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ»

По информации Республиканского научно-практического центра «Дарын» в Мангыстауской области среди учащихся 8-11 классов стартует республиканский научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары».

В конкурсе, организованном в целях популяризации наследия народного писателя, государственного и общественного деятеля Казахстана Абиша Кекилбаева, участвуют 168 школьников со всех регионов страны. Участники соревнуются в познании произведении известного писателя: чтение произведений (проза, стихи), сценическое исполнение. Также, защищают исследовательские проекты и рисуют иллюстраций.

В рамках конкурса школьники пройдут по стопам Абиша Кекілбаева, познакомятся с его творческим наследием.

Следует отметить, что научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары» с 2018 года проводится на республиканском уровне.
19 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 12:22:59 ​​ «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА 168 ОҚУШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, Маңғыстау облысында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы басталды.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 168 оқушы қатысып жатыр. Олар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін көрсетеді. Сондай-ақ ғылыми жоба қорғап, илюстрациялық сурет салудан да сынға түседі.

Олимпиада аясында қатысушылар қарымды қаламгердің жүріп өткен жолы мен шығармашылық мұрасымен танысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.
20 views09:22
Ашу / Түсініктеме