Get Mystery Box with random crypto!

Baurzhan Momyshuly

Telegram арнасының логотипі baurzhan_momyshuly — Baurzhan Momyshuly B
Telegram арнасының логотипі baurzhan_momyshuly — Baurzhan Momyshuly
Арна мекенжайы: @baurzhan_momyshuly
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 669
Арнадан сипаттама

Қазақтың Ұлы батыры Бауыржан Момышұлы!

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-03-15 10:15:50 – Кейбіреулер қазақ жалқау дейді. Бұған сіз қандай көзқарастасыз?

– Бұл түбірімен қате пікір. Қазақ ешуақытта жалқау болып 
көрген емес. Оны жалқау дейтіндер ақылды надандар емес, ақылсыз надандар!

Қазаққа – көшпенді, жалқау деп орынсыз тағылған екі кінә бар. Екеуі де – оттауизм. Қазақ ешуақытта көшпенді болған емес, қазақ – отырықшы. Ол сығандар секілді бір елден екінші елге көшіп жүрген жоқ қой. Өз жерінде малдың ыңғайына қарай жаз жайлауына, қыс қыстауына қоныс аударғанды сендер көшпенді деп оттап жүрсіңдер. Бұл тарих кешірмейтін қателік.

Екінші, қазақ жалқау болса, мал баға ма? Мал – оның өмір сүрудегі ең негізгі көзі. Ол ғасырлар бойы өзін ғана емес, көрші елдердің халқын да етпен қамтамасыз етіп келді. Малды өсіру, егін салу, балықты аулау жалқаудың қолынан келе ме? Оны оңай деп кім айта алады? Малдың бабын табу, жаздық, күздік жайлауын, қыстауын таңдау, қай жерге қалай жаю, жейтін шөбін анықтау, ауырған малды емдеп жазу, айсыз, қараңғы түнде жұлдыздарға қарап сапар шегу, қыран құс, тұлпар баптау, ауа райын болжау, сырқатты емдеу, көкпар тарту, бәйге, күрес, асық, ақсүйек тағы басқа ойындарды ойлап табу дегенің білген адамға жатқан ғылым. Оны игеру үшін ақыл, тәжірибе, өте еңбекқор жандардың толассыз ізденісі керек.

Қазақ көшпенді, жалқау деп халқымыздың өмір сүру кәсібінен хабары жоқ, жеңіл ойлы ақымақ, немесе ұрпағымыздың жігерін жасыту үшін қаскөй арамзаның айта салған сандырағы. Соны желөкпе, тайыз немелер іліп әкетіп, әлі күнге жалаулатып жүр. Әділетін айтшы, ғасырлар бойы қазақты кім асырады, жаудан, даудан кім қорғады? Білмесең біліп қой, ол өзін өзі асырады, өзін өзі қорғады. Бұл жалқаудың қолынан келе ме? Ең құрығанда бір сәт байсалдылық танытып, ойлансаңдар қайтеді?

Бұрын бүгінгідей газ, электр қуаты, мұнай, көмір болған емес. Алты ай қыстан қысылмай шығу үшін төрт түлік малға қора-жай, шөп, отбасына отын дайындаған, малдың қиынан тезек жасауды ойлап тапқан, төрт түліктің сүтінен айран, шұбат, қымыз, қаймақ, сары май, құрт, ірімшік, жент әзірлеген. Мұның бәрі асыл тағамдар. Біздің бабаларымыздың ірі, ақылды, алғыр, тапқыр, табанды, батыл, денсаулықтарының мықты болуының бір себебі осы ішіп-жеген тағамына да байланысты.

Өзің таразылашы, қазақ жалқау болса, осыншама жердің иесі атанар ма еді, осыншама данышпандарды тәрбиелеп, өсірер ме еді? Бүкіл түркі елінің қара шаңырағы бола алар ма еді? Мұны айтқанда басқаларға мақтанғандай көрінуім мүмкін. Сен, қарағым, дұрыс түсін, мұны мен мақтану үшін емес, қазақтың сан алуан қасиетіне көзім жеткеннен кейін айтып отырмын. Бір ғана мысал, Мұхаммед пайғамбарымыздың елінде жоқ қасиет қазақта бар. Ол жақта емшек ембеді деп ағасының ұлы інісінің қызына үйлене береді. Қазақ екі жастың жеті атаға жетпей тұрмыс құруына қатаң тиым салған. Тиым салуға ақыл-парасат, еңбек керек пе?

– Керек.

– Ақыл-парасат – еңбек еткен адамда ғана болады, жалқауда – ақыл-парасат болмайды. Түсіндің бе?

– Түсіндім.

– Сендер сегіз сағат жұмыс істейсіңдер. Айлықтарың ішетін тамағыңа, киетін киіміңе, қыдырғандарыңа жетеді. Сендерге мал бағудың да, егін егудің де керегі жоқ. Сүтті де, етті де, майды да, бәрін магазиннен сатып аласыңдар. Газет-журнал, кітап оқып, рухани байисыңдар. Бәлкім жалқау деп сен сияқты сегіз сағат жұмыс істеп, шөп басын сындырмайтындарды айтатын шығар? Рас, ауылдағы қайсыбір қазақ мал бағып, егін екпейді, шөп шаппайды. Ол әкесіне, ағасына, не туысқандарына сеніп, солардың көмегіне сүйеніп күн өткізгеніне мәз. Ондай бірен-саран факті арқылы бүкіл қазақты жалқау деуге бола ма?  Кез келген адамды ақылды да, ақымақ та ететін – жағдай. 

- Тағы сұрағың бар ма?

– Бар. Бұрынғы қазақ неге адал, әділ болған?

– Сен бала-шағаңды қалай тәрбиелейсің? Оларға не көргенділік 
көрсетесің? «Қарақтарым, ұрлық жасама, кісі ақысын жеме, орынсыз біреудің көңіліне тиме, жамандыққа барма, тұлабойыңа ластықты дарытпа, біреудің бірнәрсесін тартып алма, абыройыңды сақта, ұрлап бай болғаннан ақ, адал еңбегіңмен кедей болғаның артық» – деп тәрбиелейсің бе?

– Иә, солай тәрбиелеймін.

– Ол үшін кез келген ата-ана адал болу керек. Онсыз күткен нәтижеге жету қиын. Туыс халықтардың
2.1K viewsSat Quantai B_M, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-03-15 10:15:42
1.6K viewsSat Quantai B_M, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-03-07 19:13:55
1.6K viewsSat Quantai B_M, 16:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-24 15:09:16 МАГАДАНДА ӨЛГЕН МАҒЖАН БА?

Осындай өлеңдер жазып, ноқтаға басы сыймаған ақынның Кеңес үкіметінің қанды шеңгелінен аман қалуы мүмкін емес дүние еді. Ақын 1937 жылдың желтоқсанында «Жапонияның шпионы» деген айып тағылып, қамауға алынды. НКВД Қауіпсіздік басқармасының кіші лейтенанты Гайковичтің қолымен үкімді жүзеге асыру актісінде: "1938 жылғы 11-ақпан күнгі Мағжан Бекенович Жұмабаевты ату жөніндегі шешімі 1938 жылғы 19-наурызда жүзеге асырылды" деген жолдар бар.
Осы құжатқа сенсек, Мағжан өлді, атылды. Бірақ ең қызығы, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы «1948 жылы Мағжанды Сібірден көрдім» дейді.
Ол туралы батыр кітабында: «Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып
отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болуы керек. Олардан
өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. «Ассалаумағалейкум» деп сәлем бердім. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де: «Мен 10 шақты күннің көлемінде қайта ораламын.
Сол кезде дайын болып тұрыңыз" дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін
келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты», - деп жазады. Бауыржан батырдың өтірік айтпасы анық. Ендеше атылған Мағжан кім? Сібірде өлген Мағжан кім? Біздіңше Мағжанды атпай, жалған атпен Сібірге айдатып жіберген болуы да мүмкін. Өйткені Баукеңнің жазбасынан кейін арада біраз жылдар өткенде Атыраудың Құлсарысында тұратын 90-жасар Абдулла
Әбдірахманов деген ақсақал Қиыр Шығыстың Магадан деген жерінде Мағжанмен бірге тұтқында болғанын айтты. Мағжан ақсақалға «Елге ала кетерсің, Алматыданмын деген қазақтың
қолына ұстатарсың» деп қойын дәптерін аманаттапты. Ең өкініштісі, ақсақал оны пойызда келе жатып, ұрлатып алған.
Мағжанның қабірін іздеп Магаданға барған журналист Рысбек Сәрсенбайұлы да Абдулла ақсақалдың бес уақыт намаз оқитын, өтірік айтатын адам еместігін айтады.
Кеңес үкіметінің қитұрқы саясатының қулығына құрық бойлаған ба? Ұлты «Қазақ поэзиясының жарық күні» деп
төбесіне көтерген ақынын қиыр асырып, қаңғытып жіберді. Ал ақынның артында:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! - деген рухты үні, жалынды жыры қалды…

"ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ ИСЛАМ" КІТАБЫНАН АЛДЫ.
2.0K viewsSat Quantai B_M, 12:09
Ашу / Түсініктеме
2021-02-24 15:07:57
1.5K viewsSat Quantai B_M, 12:07
Ашу / Түсініктеме
2021-02-20 20:53:45
1.5K viewsSat Quantai B_M, 17:53
Ашу / Түсініктеме
2021-02-20 20:53:36
1.3K viewsSat Quantai B_M, 17:53
Ашу / Түсініктеме
2021-02-20 20:53:28 "ҚАЗАҚ СӨЗІН ҚАДІРЛЕМЕЙСІҢДЕР"

- «Сыпатаев» мектебі партия ұйымының хатшысы Әлдекеш Ыдырысованың Бауыржан аға жөнінде айтқаны есіңізде ме?
- Есімде. Тыңдағың келсе, айтайын, - деді Ұлжан әпкем жайдары көңілде.
- Тыңдағым келеді.
- Әлдекеш былай деді: «Мектепте партия ұйымының хатшысы болғандықтан, алпыс жылдық мерекеміздің ең
сыйлы қонақтарының бірі - Бауыржан Момышұлын қарсы алғалы Айдар Таштанов, А. Анартаева және мен темір жол вокзалына аздап кешігіп келдік. Баукең орындықта отыр екен. Қатты ыңғайсыздандық… Өйткені ол кісінің қатал талап қоятын, кешіккендерді кешірмейтін азамат екенін білеміз ғой.
- Сендер кімсіңдер?! - деді қатуланып.
- Аға, Сіз оқып білім алған Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектептің мұғалімдеріміз. Сізді қарсы алуға келдік, - дедік.
Бауыржан Момышұлы бірден жадырап сала берді:
- О, қарақтарым, менің ұстаздарым екенсіңдер ғой! Кешіккендеріңді кешірдім.
Біз батырдың мына сөзіне масаттанып қалдық. Ұстазды сыйлаған азаматтың тағы бір тамаша қырын танып, ішпей-
жемей риза болдық.
Қонақ үйге орналастырған соң, күнде үйден ыстық тамақ әзірлеп апарып тұрдық. Ол кісі аунап-қунап, демалып,
Мектеп ауласындағы Қарсыбай Сыпатаевтың ескерткіш алдында суретке түстік. Алпыс жылдықтан белгі болсын деп мектеп мұғалімдері ақ параққа қол қойып, оны белгі тастың астына орналастырдық.
Бауыржан Момышұлының кереметтілігіне
қайран қалғаным сол жолы. Төрде жайнап отырды. Көңілі көтеріңкі
болды. Бір уақытта орнынан ұшып тұрды да:
- Қатын, мұнда кел! - деп дауыстап әйелін қасына шақырды. Көпшілік ду етіп күліп жіберді. Баукең оған көңіл аударған жоқ.
- Кітабымды әкел, кітабымды, - деді. Әйелі айтқанын әкеліп берді.
- Аға, көпшіліктің алдында қатын дегеніңіз не? - деп жай ғана айтып едім, ол кісі ашуланған жоқ.
- Сендер қазақ сөзін қадірлемейсіңдер, білмейсіңдер. Тілді шұбарлап сөйлейсіңдер. «Қатын» деген сөз «менің меншігім» дегенді білдіреді. Қазіргіше «менің әйелім». Көшеден бір кейуана кетіп бара жатса, кемпір кетіп бара жатыр дейсіңдер ме? Ол біреудің ғана «кемпірі», меншігі. Мына «қатын» қартайғанымда менің кемпірім болады. Сендер «кемпір»
демеңдер, «қатын» демеңдер. Оны тек өзінің кісісі ғана айтады. Бұл - құрметті әрі қадірлі сөз. Тойға шақырғандарыңа рақмет! Мына отырған мұғалімнің бәрін - менің ұстазым деп есептеймін. Өйткені, мен осы алтын ұяның түлегімін, - деді.
«Сол жолы Баукең биге шақырды. Биледік. Естелік суретім де бар. Міне» деп Әлдекеш Ыдырысова апай альбомның бірін ашып, Баукеңмен билеп жүргенде түскен суретін көрсетті.
- Жақсы естелік, - деп қоштады Әлдекеш апайын ақын Гүлзина Шерімбетава.
Гүлзина ақын Әбділда Тәжібаевтың:
- Мен осындай тамаша мектепте оқып, білім алғанымды зор мақтаныш етемін. Бұл - менің алтын бесігім, аяулы ұям!
Біз сияқты мектепті алғашқы бітіргендерге көрнекті ақын Тәңірберген Отарбаев, талантты сыншы Сейілбек Үсенов ұстаздық еткен еді. Олар бізге қазақ тілінің иен байлығын, өткірлігін, оны шебер пайдалана білудің жолдарын үйретті, деген ыстық ықыласқа толы сөзіне де назарымызды аударды.

"БАТЫР БАУЫРЖАННЫҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫ"
КІТАБЫНАН АЛЫНҒАН СОҢҒЫ ӘҢГІМЕ.
1.2K viewsSat Quantai B_M, 17:53
Ашу / Түсініктеме