Get Mystery Box with random crypto!

'ҚАЗАҚ СӨЗІН ҚАДІРЛЕМЕЙСІҢДЕР' - «Сыпатаев» мектебі партия ұ | Baurzhan Momyshuly

"ҚАЗАҚ СӨЗІН ҚАДІРЛЕМЕЙСІҢДЕР"

- «Сыпатаев» мектебі партия ұйымының хатшысы Әлдекеш Ыдырысованың Бауыржан аға жөнінде айтқаны есіңізде ме?
- Есімде. Тыңдағың келсе, айтайын, - деді Ұлжан әпкем жайдары көңілде.
- Тыңдағым келеді.
- Әлдекеш былай деді: «Мектепте партия ұйымының хатшысы болғандықтан, алпыс жылдық мерекеміздің ең
сыйлы қонақтарының бірі - Бауыржан Момышұлын қарсы алғалы Айдар Таштанов, А. Анартаева және мен темір жол вокзалына аздап кешігіп келдік. Баукең орындықта отыр екен. Қатты ыңғайсыздандық… Өйткені ол кісінің қатал талап қоятын, кешіккендерді кешірмейтін азамат екенін білеміз ғой.
- Сендер кімсіңдер?! - деді қатуланып.
- Аға, Сіз оқып білім алған Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектептің мұғалімдеріміз. Сізді қарсы алуға келдік, - дедік.
Бауыржан Момышұлы бірден жадырап сала берді:
- О, қарақтарым, менің ұстаздарым екенсіңдер ғой! Кешіккендеріңді кешірдім.
Біз батырдың мына сөзіне масаттанып қалдық. Ұстазды сыйлаған азаматтың тағы бір тамаша қырын танып, ішпей-
жемей риза болдық.
Қонақ үйге орналастырған соң, күнде үйден ыстық тамақ әзірлеп апарып тұрдық. Ол кісі аунап-қунап, демалып,
Мектеп ауласындағы Қарсыбай Сыпатаевтың ескерткіш алдында суретке түстік. Алпыс жылдықтан белгі болсын деп мектеп мұғалімдері ақ параққа қол қойып, оны белгі тастың астына орналастырдық.
Бауыржан Момышұлының кереметтілігіне
қайран қалғаным сол жолы. Төрде жайнап отырды. Көңілі көтеріңкі
болды. Бір уақытта орнынан ұшып тұрды да:
- Қатын, мұнда кел! - деп дауыстап әйелін қасына шақырды. Көпшілік ду етіп күліп жіберді. Баукең оған көңіл аударған жоқ.
- Кітабымды әкел, кітабымды, - деді. Әйелі айтқанын әкеліп берді.
- Аға, көпшіліктің алдында қатын дегеніңіз не? - деп жай ғана айтып едім, ол кісі ашуланған жоқ.
- Сендер қазақ сөзін қадірлемейсіңдер, білмейсіңдер. Тілді шұбарлап сөйлейсіңдер. «Қатын» деген сөз «менің меншігім» дегенді білдіреді. Қазіргіше «менің әйелім». Көшеден бір кейуана кетіп бара жатса, кемпір кетіп бара жатыр дейсіңдер ме? Ол біреудің ғана «кемпірі», меншігі. Мына «қатын» қартайғанымда менің кемпірім болады. Сендер «кемпір»
демеңдер, «қатын» демеңдер. Оны тек өзінің кісісі ғана айтады. Бұл - құрметті әрі қадірлі сөз. Тойға шақырғандарыңа рақмет! Мына отырған мұғалімнің бәрін - менің ұстазым деп есептеймін. Өйткені, мен осы алтын ұяның түлегімін, - деді.
«Сол жолы Баукең биге шақырды. Биледік. Естелік суретім де бар. Міне» деп Әлдекеш Ыдырысова апай альбомның бірін ашып, Баукеңмен билеп жүргенде түскен суретін көрсетті.
- Жақсы естелік, - деп қоштады Әлдекеш апайын ақын Гүлзина Шерімбетава.
Гүлзина ақын Әбділда Тәжібаевтың:
- Мен осындай тамаша мектепте оқып, білім алғанымды зор мақтаныш етемін. Бұл - менің алтын бесігім, аяулы ұям!
Біз сияқты мектепті алғашқы бітіргендерге көрнекті ақын Тәңірберген Отарбаев, талантты сыншы Сейілбек Үсенов ұстаздық еткен еді. Олар бізге қазақ тілінің иен байлығын, өткірлігін, оны шебер пайдалана білудің жолдарын үйретті, деген ыстық ықыласқа толы сөзіне де назарымызды аударды.

"БАТЫР БАУЫРЖАННЫҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫ"
КІТАБЫНАН АЛЫНҒАН СОҢҒЫ ӘҢГІМЕ.