Get Mystery Box with random crypto!

batyrbloger

Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger B
Telegram арнасының логотипі batyrbloger — batyrbloger
Арна мекенжайы: @batyrbloger
Санаттар: Саясат , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.55K
Арнадан сипаттама

😎

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-06-17 19:33:26
524 viewsbatyr_bloger, 16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 18:50:51
Қазақстан құрамасы бірінші таймда Словакия құрамасының қақпасына 2 гол соқты
510 viewsbatyr_bloger, edited  15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 20:02:28
Иттер талап жатқанда баланың шырылдап шыққан дауысын, шарасыз қиналып жатқан денесін, көзінен шыққан жасын ойласам жүрегім ауырады Балапан-ай Әжесінің жүрегі қан жылап тұр ғой
.
Баланың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз Балапанды Алла панасына алсын
363 viewsbatyr_bloger, 17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 20:02:14
Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап өлтірді. Оқушының өлі денесін құрылыс алаңынан күзетші тауып алған. Бұралқы иттердің тісі батпаған жері қалмапты. Аталмыш оқиғаға байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғады.
364 viewsbatyr_bloger, 17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:59:53 "Баланың сау жері жоқ": Ақтөбеде 12 жастағы баланың денесін тауып алған күзетші жантүршігерлік деректі айтты.

Ақтөбедегі құрылыс нысанының маңынан денесі табылған 6 сынып оқушысының туыстары жанайқайын жеткізіп, құзырлы органдардан шұғыл шара қолдануды сұрайды. Олар баланы ит талап өлтірді дегенді алға тартып отыр. Ал баланың денесін алғаш тапқан күзетші.

Марқұм болған 12 жастағы Мадияр Шәкірат отбасындағы үш баланың ортаншысы. Туыстары қайғылы жағдайдың болғанын түнгі сағат 3-те ғана білген. Кешкілік әдеттегідей ойынға шыққан баласын таппай жүргенін айтқан анасы сағат кешкі 9-да полицияға хабар берген. Туыстары баланы ит талап тастағанына сенімді. Қайғыдан қан жұтқан Мадиярдың әжесі өзінің жанайқайын жеткізді.

"Мен Мадияр Шәкіраттың әжесімін. Немеремнен айырылып қалдым. Өзінің ажалынан, Алланың берген ауруынан кетіп отырған жоқ. Бұл иттен, қараусыз ит кесірінен қаза тапты. Шара жоқ. Немеремнің сондай зәбірмен қиналып, екі көзі жәудіреп, көмек болмай қиналып кеткеніне жүрегім қан жылап тұр.

Адамның жаны қадірсіз, ит қымбат болып тұр. Иттің иесін тауып шара қолдануды сұраймын. Өзегім өртеніп барады. Ит атаулыны ату керек", - дейді баланың әжесі Нағима Валиева.

Нағима Валиеваның айтуынша, оқиға болған кезде баланың жанында кім болғаны белгісіз.

"Баланы мешіт пен Есет батыр ауылының ортасында ит талаған. Өз пайымым бойынша, құрылысқа қарай жүгіріп, көмек сұрады ма? Білмеймін. Құрылыс қасында күзетші тауып алып, полицияға хабар берген. Соңында мәйітханаға барды.

Анасы медицина қызметкері. Баланы ақ матаға орап тастаған, басы қан болған. Баланың сау жері қалмаған. Менің біліп отырғаным сол. Жанында балалар болды ма? Олар қашып кетті ме? Білмей отырмыз. Шара қолдануды, ит атуды сұраймыз", - дейді баланың әжесі.

Жантүршігерлік оқиғаны алғаш көргендердің бірі - құрылыс күзетшісін де іздеп таптық.

"Баланы ит сүйреп, шөптің арасына әкеп тастаған. Осы жерде түнімен жүрдік. Бізде 4 күзетші бар. Мен аға күзетшімін. Баланың денесін бірінші әріптестерім көріп, мені шақырды. Жүгіріп бардық. Баланың сау жері жоқ. Терісін ит жұлып, талап тастаған. Сан етін, иығын жұлып алған. Ит іздері көрініп тұрды", - деді 3-мөлтек ауданының күзетшісі Сәбит Әуезов.

Марқұм болған Мадияр Шәкіраттың анасы да қаңғыбас иттерге шара қолдануды сұрайды.

Ал қайғылы жағдайға пікір білдірген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қызметінен кетуге әзір екенін хабарлады.

"Жағдай қиын болып тұр. Ит саны көбеймесе, азаймады. Жауапқа кім тартылады? Әр адам өз жұмысына жауапты болуы керек. Облыс әкімінің орынбасары ретінде мен де жауаптымын.

Облыстық ветеринария басқармасы, қалалық ветеринария стансасы, ветеринар маман жауапты. Осы жұмысты атқара алмадың десе, мен қызметімнен кетуге әзірмін",- деді Иманқұлов.

Ал аталған жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті нақты шешім айтқан жоқ.

"Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін", - деген болатын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
369 viewsbatyr_bloger, 16:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:59:35
"Баланың сау жері жоқ": Ақтөбеде 12 жастағы баланың денесін тауып алған күзетші жантүршігерлік деректі айтты.
331 viewsbatyr_bloger, 16:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:58:15
Сұмдық! Ақтөбеде 12 жастағы баланың таланған денесі табылды. Оның денесінде, басы мен қол-аяғында жануардың тіс іздері анықталған. Болжам бойынша оны иттер талап өлтірген болуы мүмкін.

Құзырлы органның мәліметінше, 12 жастағы баланың денесі 9 маусым күні Есет батыр тұрғын үй алабындағы №3 шағын ауданның аумағында орналасқан құрылыс нысандарының маңынан табылған.

Баланың басыңда, денесінде, қолы мен аяғында көптеген жарақат болған. Сондай-ақ оның көп қан жоғалтқаны анықталған.
369 viewsbatyr_bloger, 16:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:56:46 7 жасар кішкентай бүлдіршін өзінен кішкентай сәбиді иттен қорғаймын деп 2 АЛАБАЙ ИТКЕ ТАЛАНДЫ.

Бүлдіршін қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. Оның бетінде және денесінде терең тыртықтар қалған.

Оқиға кезінде балалар көшеде жүгіріп ойнап жүрген. Сол сәтте көрші үйдің қақпасынан 2 төбет ит секіріп шығып оларға қарай шабуыл жасаған. Артынша сіңлісін қорғамақ болған 7 жасар Мадина зардап шекті.

Қыздың ағасының айтуынша ит иелері қақпаларын ашық қалдырған. Қазіргі уақытта иттердің иесі баланы емдеуге тек 30 мың теңге төлегені белгілі болды, бірақ зардап шеккен қыздың ата-анасы тергеуді және қатаң жаза тағайындауды талап етуде.

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 2 иттің шабуылына тап болған 7 жасар қыздың ата-анасы әділ тергеуді талап етеді.

«Мен Мадинаны өз қызымдай өсірдім. Әкесі өз отбасын тастап кетті. Ол сондай күшті қыз. Әжесі оқиға кезінде жүгіріп шығып қатты қорқып кетті. Иттердің иелері болса қалталарының қалыңдғына қарамастан оның сауығып кетуіне және бетіндегі тыртықтарды кетіру үшін ота жасатуға көмектескісі келмейді. Керісінше біздің үстімізден арыз жазып, ар-намысына нұқсан келтірді деп айыптауда», – дейді бүлдіршіннің ағасы Берік Юлдашев.

Ал әжесі Мейрамкүл Юлдашева «Менің немерем кішкентай сіңлісін иттерден қорғап, ерлік көрсетті. Қазір бетіндегі тыртықтан ұялады. Ол айнаға қорқып қарамауы үшін пластикалық ота жасатып, бәрін жөндейміз деп үміттенемін»,- деп жан сырын ақтарды.

Облыстық полиция департаменті ит иелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 144-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ал Иттін иесі “менің кім екенімді білмейсіңдер, сотта кездесеміз” деп жалғыз басты анадан кешірім сұрамақ түгілі қорқытыпты.
403 viewsbatyr_bloger, 16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:56:01
7 жасар кішкентай бүлдіршін өзінен кішкентай сәбиді иттен қорғаймын деп 2 АЛАБАЙ ИТКЕ ТАЛАНДЫ.
395 viewsbatyr_bloger, 16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 09:22:23
993 viewsbatyr_bloger, 06:22
Ашу / Түсініктеме