Get Mystery Box with random crypto!

7 жасар кішкентай бүлдіршін өзінен кішкентай сәбиді иттен қорғ | batyrbloger

7 жасар кішкентай бүлдіршін өзінен кішкентай сәбиді иттен қорғаймын деп 2 АЛАБАЙ ИТКЕ ТАЛАНДЫ.

Бүлдіршін қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. Оның бетінде және денесінде терең тыртықтар қалған.

Оқиға кезінде балалар көшеде жүгіріп ойнап жүрген. Сол сәтте көрші үйдің қақпасынан 2 төбет ит секіріп шығып оларға қарай шабуыл жасаған. Артынша сіңлісін қорғамақ болған 7 жасар Мадина зардап шекті.

Қыздың ағасының айтуынша ит иелері қақпаларын ашық қалдырған. Қазіргі уақытта иттердің иесі баланы емдеуге тек 30 мың теңге төлегені белгілі болды, бірақ зардап шеккен қыздың ата-анасы тергеуді және қатаң жаза тағайындауды талап етуде.

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 2 иттің шабуылына тап болған 7 жасар қыздың ата-анасы әділ тергеуді талап етеді.

«Мен Мадинаны өз қызымдай өсірдім. Әкесі өз отбасын тастап кетті. Ол сондай күшті қыз. Әжесі оқиға кезінде жүгіріп шығып қатты қорқып кетті. Иттердің иелері болса қалталарының қалыңдғына қарамастан оның сауығып кетуіне және бетіндегі тыртықтарды кетіру үшін ота жасатуға көмектескісі келмейді. Керісінше біздің үстімізден арыз жазып, ар-намысына нұқсан келтірді деп айыптауда», – дейді бүлдіршіннің ағасы Берік Юлдашев.

Ал әжесі Мейрамкүл Юлдашева «Менің немерем кішкентай сіңлісін иттерден қорғап, ерлік көрсетті. Қазір бетіндегі тыртықтан ұялады. Ол айнаға қорқып қарамауы үшін пластикалық ота жасатып, бәрін жөндейміз деп үміттенемін»,- деп жан сырын ақтарды.

Облыстық полиция департаменті ит иелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 144-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ал Иттін иесі “менің кім екенімді білмейсіңдер, сотта кездесеміз” деп жалғыз басты анадан кешірім сұрамақ түгілі қорқытыпты.