Get Mystery Box with random crypto!

Қызға арналған бата Талдай бой берсін, Сұңғыл ой берсін, Жазд | Қазақ фольклоры📚

Қызға арналған бата

Талдай бой берсін,
Сұңғыл ой берсін,
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын,
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын,
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын!
Әумин.