Get Mystery Box with random crypto!

Балқия Балтабай

Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай Б
Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай
Арна мекенжайы: @balkia_baltabay
Санаттар: Блогтар , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 60.32K

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 176

2021-05-08 22:55:49 Қадыр түнінде қандай дұғалар оқу керек?

1.Ықылас сүресін – 100 рет 

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». 
14.5K views19:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 22:55:28 Қайырлы түн, Көркемдерім

Қасиетті Қадір түні құтты болсын

Алла Тағала айлардан – Рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Қадір түні мың айдан қайырлы», – делінген. Бұл түнде періштелер жерге түседі.

Қадір кешін құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеліп, екі дүниенің қуанышына бөленеді деген екен.

Ендеше бір ай бойы ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларыңызды, барлық тілектеріңізді Рахымды Аллаһым қабыл еткей!

Сіздерге арнап, осы қадірлі түнді мол сауапқа толтыратын қасиетті ДҰҒАЛАРДЫ жинадық!!!!

Мол сауаптан сіз де құр қалмаңыз
14.7K views19:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 13:15:33 АРНАЙЫ ТАПСЫРМА

Қадір түніне дейінгі жасау керек амалдар

Қадір түні – ақ пен қараны ажыратып, тура жол көрсетуші «Құран» түскен күн.

«Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады»

Бұл түні Құран оқылып, көптеп зікір айтылып, намаз санын арттыру абзал.

«Қадір» сүресі осы түннің құрметіне түскен. Сол себепті «Қадір» сүресін және арнайы Қадір түннің нәпіл намазын оқу мол сауапқа кенелтпек. Қадір түнінің намазы Құптан намазынан кейін, Үтір уәжіп намазынан соң, таң ағарғанға дейін оқуға болады. Қадір түнінің намазы 2 рәкаттан 12 рәкатқа дейін оқылады, намазда Фатиха және Қадір сүрелері оқылады. Қадір түнінің намазынан бөлек бұл түні өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Бұл түнді Пайғамбарымыз (ﷺ) ең бірінші Құран оқудан бастаған. Ендеше біз де бұл түні Құран Кәрім оқудан бастағанымыз дұрыс!!!!
16.5K views10:15
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 11:33:52 Біліңіздер, СІЗДЕР - УЖЕ ЖЕҢІМПАЗСЫЗДАР! Себебі алғашқы қадамды жасадыңыздар! Ендігі жерде берілген білімді уақытылы қарап, тапсырмаларды тұрақты орындауда төзімділік танытсаңыздар болғаны, сіздерге алынбайтын қамал қалмайды! Себебі ең мықты адам - өзін-өзі жеңген адам!

Детокстан не күтесіз! Алғашқы күндегі сезіміңіз қандай?
7.3K views08:33
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 08:31:20 ​​Жүректердің дүрсілін естіп тұрмын

Бүгін көптен күткен ДЕТОКС курсы басталды. Бұл курсты лично өзім қатты күттім. Білесіздер ме, соншама сенім, соншама үміт күтіп келген әрбір қатысушының жүректеріндегі дүрсілді сезіп тұрғандаймын.

Қүрметті, Детоксшыларым, бұл курс Алланың қалауымен сіздердің саналы ғұмырларыңыздың алғашқы баспалдағы болады деген сенімдемін. Бәріңізді жақсы көремін! Бәріңіз үшін шынайы дұға жасаймын!
8.0K views05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-02-14 15:30:40 Біздің денсаулығымыз - Алланың аманаты. Ахиретте бұл нығметтен де сұралатынымызды ұмытпайық. Сондықтан ниет еткенде де ең абзалы Алла разылы үшін амал жасауға ниет ету

Яғни “Аллаһым, сенің разылығың үшін, өзің аманаттап берген денсаулығыма саналы түрде көңіл бөлу мақсатымен осы детокс курсынан өтуге ниет еттім!” деп айтыңыздар. Алла баршаңызды ниеттеріңізге жеткізсін!
9.2K views12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-02-14 14:41:43 Ең маңыздысы - НИЕТ ету!

“Амалдар ниетке байланысты” деп бекер айтылмаған. Сондықтан миларыңыздағы күмән, қорқыныш, негативтерді өшіріп, шынайы жүрекпен ниет етіп, Аллаға тәуекел жасайық!

Біздің ниет - Құран мен Сүннетке сай, Алла разылығы үшін барлық бізге сеніп келген қатысушылардың милары мен ағзаларын тазарту.

Ал сіздің ниет қандай? Соны анықтап алыңыз.
9.2K views11:41
Ашу / Түсініктеме