Get Mystery Box with random crypto!

Балқия Балтабай

Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай Б
Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай
Арна мекенжайы: @balkia_baltabay
Санаттар: Блогтар , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 60.33K

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 171

2021-07-26 12:08:08 Қайырлы күн, ханымдар

Ууу Көркем апп платформасында “САМООЦЕНКА 2.0” курсымыздың алғашқы сабақтары салынды

Курсымыздың ресми түрде басталуымен шын жүректен құттықтаймыз

Алла қаласа сіздерге хайырлы, жеңісті, берекелі сабақ болсын
6.3K views09:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 17:14:34 ӨЗІҢДІ СҮЮ-ЖАРАТУШЫҢДЫ СҮЮ

Неге, білесіз бе?
Себебі біз табиғатымызға көңіліміз толмайды.
”Көзім үлкен болғанда, красавицаға айналар едім”
”Тісімнің қисықтығына ашуым келеді”
”Фигурам үшін ұяламын”
”Тым баяумын, Айгүл сияқты етім тірі, пысық болғым келеді”

Мұндай сөздер Алла сақтасын шүкірсіздікке саналуы мүмкін
“Алла тағала, Сен мені дұрыс жаратпадың, негізі былай болуы керек еді” дегендей мағына береді.

Алла бізді ең көркем бейнеде жаратты. Оның берген түрін, мінезін, өзімізді қабылдап, шүкір ете білуіміз керек.
Бізді жасаған, жаратқан Ол - Алла!
Демек ӨЗІМІЗДІ сүйген кезде АЛЛАҒА деген махаббатымыз да артады

Өзіңді сүю - әрине, оңай емес. Оған айлар бойы, бәлкім жылдар бойы күш жұмсау қажет. Ал егер нақты техникасын үйреніп алсаңыз, Алланың қалауымен тезірек САМООЦЕНКАНЫ көтеріп алуға болады

ЖАҚЫНДА ӨЗІМНІҢ парақшамда осы тақырыпта ТЕГІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР жасаймын, Алла қаласа!
Қатысу үшін астындағы сілтемеге өтіп, тіркеліп алыңыз

https://balkia.tilda.ws/page20793235.html

https://balkia.tilda.ws/page20793235.html

https://balkia.tilda.ws/page20793235.html
5.9K viewsedited  14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 18:53:35 Қасиетті күндері қандай амал жасаймын?

Баршаңызға белгілі, (11.07-19.07) біз қазір қасиетті Зүл-Хиджа айының алғашқы 10 күндігіндеміз. Бұл - қажылық айы. Құрбандық шалатын ай. Мұсылмандардың мерекесі құрбан айт та осы айда өтеді.

Бұл күндері қажылар Қағбада тұрып, құлшылығын өтеп, бүкіл үммет үшін дұға жасайды. Басқа мұсылмандар садақа беріп, күнін оразамен өткізеді.

Себебі Пайғамбарымыз (صلى الله عليه و سلم): «Алла алдында Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ» делінген.

Ендеше сіздерге істеуге болатын сауапты амалдар тізімін келтірейік

Садақа беріңіз
Аз ба, көп пе, маңызды емес. Осы айда берілген садақа 700 есеге дейін еселенеді

Құран тыңдап, зікір айтыңыз
Алланы зікір етудің ең ұлысы - Құран оқу.
Әрбір әрпі 10 еселенетін қасиетті кітапты осы айда көбірек оқуға тырысыңыз

Ораза ұстаңыз
Арапа күні — күнәлар кешіріліп, адамдар тозақтан құтылады. Осы күні (19-шілде) ораза ұстаңыз. Отбасыңызды да шақырыңыз

Жақындарыңызды сыйлық беріп, қуантыңыз
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне қазірден бастап сый дайындай берсеңіз болады. Сыйлық беру — сүннет

Намазды ықыласпен, қаза етпей оқыңыз.
Намазға ниеттеніп жүрсеңіз, осы айда бастап кетсеңіз болады

Көбірек дұға жасаңыз.
Қайғыда жүрген, қарызға батқан бауырларыңыз үшін жеңілдік сұрап, дұға тілеңіз. Алла сіздің қажетіңізді де өтеп қояды, бұйырса

Қандай амал жасасаңыз да, тек Алланың разылығын көздеңіз. Аллаға ұнамды болған түйірдей амалыңыз — таудай сауап әкелерін ұмытпаңыз

Жазба пайдалы болса, басқалармен бөлісуді ұмытпаңыз
4.6K viewsedited  15:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 18:10:32



Дәл қазір, ютубта ЖАҢА ЖОБА басталды

Тезірек кіріңіздеер
4.9K viewsedited  15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 15:52:32 Самооценканы арттыру не үшін маңызды?

Себебі самооценкасы төмен адам:

Өзіне сенімсіз. Сондықтан оқуда да, жұмыста да жетістікке жетпейді

Өзін жақсы нәрсеге лайықсыз санайды. Сондықтан оны ешкім сыйлық беріп, қуантқысы келмейді

Жоқ дей алмайды. Себебі басқаларды жоғалтып алудан қорқады. Сосын оны бәрі пайдаланады.

Күйеуі көңіл бөлмейді. Балалары тыңдамайды. Туыс, достардың арасында беделі болмайды. 

Себебі өзін-өзі жақсы көрмеген адамды айналасы да бағаламайды.

Самооценкамның деңгейін қалай білсем болады? Оны арттырудың жолдары қандай?
Осы сұрақтардың жауабын БҮГІН 21:00-де ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІМДЕ АЙТАМЫН, БҰЙЫРСА  
Кешікпей келіңіз!
57.9K viewsedited  12:52
Ашу / Түсініктеме