Get Mystery Box with random crypto!

«Balapan» телеарнасының «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік м | Balapantv

«Balapan» телеарнасының «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобасына 1000-нан астам баладан өтінім түсті

Жуырда «Balapan» телеарнасынан шығатын «Білім бәйгесі» жаңа зияткерлік бағдарламасына республикалық байқау жариялаған болатынбыз. Жобаға ел бойынша 6-9 жас аралығындағы оқушылардан 1000-ға жуық сұраным келіп түсті.

Іріктеу кезеңінде үміткерлер 2-сынып бағдарламасы аясында «Логика», «Жаратылыстану» және «Қоршаған орта» пәндері бойынша құрастырылған тестке қатысты. Одан өткен 104 оқушы апталық ойын кезеңіне жолдама алды.

Бағдарламаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Телевизиялық жоба сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.

Жоба жаңа маусымда эфирге жол тартады.