Get Mystery Box with random crypto!

Таңдау жасайық, балақай! Ал мен энергетик мамандығы туралы а | Balapantv

Таңдау жасайық, балақай!

Ал мен энергетик мамандығы туралы айтайын

Қараңғыда көзім жоқ, жоқ!
Тиіп кетсе, сөзім жоқ, жоқ!

Жарық, жарық жана ғойшы,
Бөлмемізге бара ғойшы!

Мультфильмді көру керек,
Бізге жарық келу керек!

Тым ұзаққа кетпе деймін,
Жарық, саған өкпелеймін!

Еңлік, босқа уайымдама,
Қараңғыны мойындама!

Ажыраттым, қайта қостым!
Жарық, сені әбден тостым!

Таңғажайып ғаламдағы,
Келді электр мамандары!!!

Жіберді оны мол тәлімі,
Энергия орталығы!

О, алақай, жанды жарық,
Ал, ойналық, сән құралық!

Жаттап ал, досым!

Досыңмен бөлісуді де ұмытпа

#balapantv
#balapan2022