Get Mystery Box with random crypto!

Анам менің Анам менің гүл сен, Жанымда аман жүр сен. Шатта | Балаларға арналған тақпақтар

Анам менің

Анам менің гүл сен,
Жанымда аман жүр сен.
Шаттанасың мама,
Мен қуанып, күлсем.

Анам менің таң сен.
Ең аяулы жан сен.
Қарсы аламын мәз боп,
Үйге күліп келсең.

Анам менің күн сен,
Жақсы көрем біл сен.
Басқалардан мама,
Артықсың ғой бір сен.

Авторы: Олжас Қасым