Get Mystery Box with random crypto!

С476: Кіші және үлкен әжетті өтегеннен кейін нәжіс орындарды ж | ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

С476: Кіші және үлкен әжетті өтегеннен кейін нәжіс орындарды жуу немесе сүрту міндетті ме?

Ж476: Иә.

Д476: Ибн Аббас былай деген: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып: «Бұл екі адам азапталып жатыр, олар үлкен нәрсе үшін азап шегіп жатқан жоқ. Бірі адамдардың арасында өсек таратты, ал екінші адам кіші әжетін өтегеннен кейін (нәжісінен) тазармады», - деді»

(әл-Бухари, 216 және Муслим, 292).

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Қабірдегі азаптардың көбі кіші әжетті өтеудегі нәжістен»

(күшейтетін басқа хадистердің себебімен сенімді; әл-Хаким, 1/183).