Get Mystery Box with random crypto!

С470: Адам қанша уақыт бойы шұлығын шешпей, дәрет алғанда оны | ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

С470: Адам қанша уақыт бойы шұлығын шешпей, дәрет алғанда оны сүрте алады (оған масих тарта алады)?

Ж470: Егер адам өзінің тұрғылықты жерінде болса, ол шұлығын шешпей оны бір күн және бір түн (тәулік бойы) сүрте алады. Ал егер адам сапарда болса, онда ол дәрет алғанда үш тәулік бойы аяғын жумай, шұлығын сүрте алады.

Д470: Али ибн Абу Талиб былай деген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапарда болған адамға шұлығын үш күн мен үш түн сүрте алатынын, ал өз тұрғылықты орнында болған адам бір түн мен күн сүрте алатынын бекітті»

(Муслим, 276).