Get Mystery Box with random crypto!

С468: Дәрет алу барысында аяқты жуудың орнына, былғары не жай | ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

С468: Дәрет алу барысында аяқты жуудың орнына, былғары не жай шұлықтың үстінен сулы қолмен өткізуге (масих тартуға) болады ма?

Ж468: Иә, егер ол шұлықты дәретті күйінде киген болса, масих тартуына болады. Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті.

Д468: Әл-Муғира ибн Шуғба былай деген: «Бірде мен Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болдым. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәрет алып жатқанда, мен оның былғары шұлығын шешуім үшін иілдім, бірақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды қалдыр, мен оларды таза (дәретті) аяғыма кидім», - деді. Кейін ол олардың үстінен сулы қолдарымен өткізді»

(әл-Бухари, 206 және Муслим, 274).