Get Mystery Box with random crypto!

BaiQoñyR

Telegram арнасының логотипі baikonurdaninfo — BaiQoñyR B
Telegram арнасының логотипі baikonurdaninfo — BaiQoñyR
Арна мекенжайы: @baikonurdaninfo
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14
Арнадан сипаттама

Дін мен діл және тіл жайлы ақпарат - жаңалықтар.
Сұрақтар мен ұсыныстарды ⏩ @nurbaikonur Теолог-Имам Нұрбол Байқоңыр www.facebook.com/Baikongir94
Эл.почта: jezkaxgani358@gmail.com

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2020-12-25 14:50:26 Иә, Алла! Жүрегімді нұрға толтыр, естуімді, көруімді нұрлы ет.
Тілім де нұрлы болсын. Оңымнан да, солымнан да, үстімнен де, соңымнан да нұрың шашсын.
Жанымды да, тәнімді де нұрыңа бөле.
Жаратқан Ием! Кеудемді шындыққа толтыр, ісімді табысты ет.
Иә, Алла! Сенен ақиқат жолымен тура жүргізуді сұраймын, тақуалы ет, жомарт қыл, байлық бер.
Иә, Алла! Саған мақтау айтамын. Саған мақтау айтқан жақсылыққа ие болады.
Иә, Алла! Сенен рақымшылығың мен жәннәтті сұраймын.
Қаһарыңды төкпе, тозақтың отынан сақтай гөр.
Сөзіммен, әрекетіммен, ісіммен (жұмаққа) кіргіз.

О, Аллах! Наполни мое сердце светом и сделай ясными мои слух и зрение.
Пусть будет ясным мой язык и наполнится светом все мое тело.
Сделай светлыми и душу, и тело.
О, Аллах! Наполни мою грудь истиной, сделай мое дело прибыльным.
О, Аллах! Прошу Тебя, веди меня прямо по праведному пути, сделай верующим и щедрым, дай блага.
О, Аллах! Восхваляю Тебя. Тот, кто восхваляет Тебя, будет в благодетели.
О, Аллах! Прошу Твоей милости и райских благ.
Не изливай свой гнев, убереги от мук огня.
Чувствами моими и деяниями впусти меня в Рай.

—————————————————
«Алланың көркем есімдері бар. Сол хусни есімдермен Оған дұға-тілек айтыңдар»
(Құран, «әл-Ағраф» сүресі, 180-аят)

«У Аллаха есть прекрасные Имена. Так обращайтесь же к Нему, называя Его этими Именами»
(Коран, сура «аль-А’раф», аят 180).
—————————————————
Дәрі-дәрмек тәнге шипа,
Дұға-тілек жанға шипа.
—————————————————
Дұғалар «Қажылық» (2010 ж.) және «Паломничество» (2020 ж.) кітаптарынан алынды.
31 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2020-12-21 19:45:57 Иә, Алла! Шындығында, Сен тұрған жерімді көріп тұрсың, сөзімді естіп тұрсың.
Сырымды да, ашығымды да білесің.
Менің ісімде Сенен жасырған ешнәрсе жоқ.
Мен - Сенен қаймығып көмек сұраған мүсәпір кедеймін, күнәсін мойындаған жалынышты адаммын.
Кедей-мүсәпірлердің тілегін қабыл ал, күнәсін мойындағанның дұғасын қабыл ал.
Саған құлшылық еткен соқырдың дұғасын бағыштаймын, сәждеге басын иген кемтардың дұғасын да айтамын.
Деніне саулық бер, қос жанарына нұр бер.
Дерттен арылатын күш-қуат бер. Бәле-жәледен сақта.
Маған қайырымды, рақымды бол.
Иә, мұсылмандарға жақсылық Беруші! Жомарттылардың ең Ұлығы!
Жаратқан Ием! Бізді тура жолмен жүргіз, тақуалы ет.
Бұ дүниеде де, О дүниеде де бізді кешір.

О, Аллах! Поистине, Ты видишь, где я стою и слышишь то, о чем прошу.
Тебе ведомы и тайны мои, и мысли мои.
Ничего не остается неведомым Тебе и скрытым от Тебя – Тебе известны все мои деяния.
Я странник, ищущий истину Твою, я – бедный человек, осознавший грехи свои и взывающий к Тебе с мольбой о прощении.
Прими просьбы обездоленных и беспомощных людей, осознавших грехи свои, и их молитвы о прощении.
Мои молитвы обращены к Тебе от незрячих, выражающих покорность Тебе, и от обездоленных судьбой – инвалидов, которые склоняют голову перед Тобой и с мольбой на устах просят милости Твоей.
Дай им здоровья, а зеницы их освети светом.
Дай им силы и воли, чтобы избавиться от недугов. Убереги от напастей и злого рока.
Прояви сочувствие и помилуй нас.
О, Создатель мой! Веди нас по правильному пути, сделай нас верующими.
Прости нас и в этой жизни, и в жизни последующей.

—————————————————
«Алланың көркем есімдері бар. Сол хусни есімдермен Оған дұға-тілек айтыңдар»
(Құран, «әл-Ағраф» сүресі, 180-аят)

«У Аллаха есть прекрасные Имена. Так обращайтесь же к Нему, называя Его этими Именами»
(Коран, сура «аль-А’раф», аят 180).
—————————————————
Дәрі-дәрмек тәнге шипа,
Дұға-тілек жанға шипа.
—————————————————
Дұғалар «Қажылық» (2010 ж.) және «Паломничество» (2020 ж.) кітаптарынан алынды.
25 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2020-12-20 17:43:21 Мүминнің сипаты:

«Мүмин діннің қуаты (яғни, дінді мықты ұстайды). Жұмсақ бола тұрып-табанды. Иманда-тұрақты. Білімде-ынталы. Талапта-сабырлы. Ғылымда-саналы. Байлықта-үнемді. Кемтарлықта-шыдамды. Ынта, тілекте (яғни, өзіне бір нәрсе талап еткенде)-ұялшаң. Кәсіпте-адал. Туралықта-таупықты. Басқаруда-белсенді. Құмарлыққа-есті (яғни, құмарлыққа елікпейді). Әрекет еткенге-қамқор болушы. Мүмин-өзіне күндегенге жәбір көрсетпейтін Алла тағаланың құлы. Жақсы көргеніне және аманатқа қиянат етпейді. Күндемейді. Масқаралап, даттамайды және тіл тигізіп лағнеттемейді. Өзіне қарсы болса да, растықты мойындайды. Жалған ат қойып, мазақ етпейді. Намазда-момын, зекетте-асығыс. Күйзелісте-байсалды да, байыпты. Молшылыққа-шүкір етуші. Барына-қанағатшыл. Мүмин біреудің нәрсесінен дәмеленбейді және дөрекіліктен аулақ болады. Бір жақсы іс істеуді қаласа, оған жоқшылық кедергі бола алмайды (мысалы, бармен бөлісу). Мүмин адамдармен жақсы қатынаста болып, ақылға қонатын сөз айтады. Алла тағаланың қамқорлығына лайық болу үшін зұлымдық пен қысымшылыққа сабыр етеді.»
(Хадисті Алла елшісі саляллаһу алейхи уәссалямнан Жундуб ибн Абдуллаһ розиаллаһу анһу риуаят еткен. Имам әл-Хәким)
23 views14:43
Ашу / Түсініктеме
2020-12-19 09:23:48
23 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2020-12-19 09:23:43 ы дәстүрге айналдырған. Мысалы, «Абай жолындағы» Барлас пен Байкөкше жыраулардың Абайға берген батасынан да байқаймыз. Ата-ананың, мүсәпір жолаушының, салихалы мұсылманның дұғалары қабыл болатын баталардың қатарына жатады.

Асыл дінімізбен астасып жатқан бата сұрау дәстүрін ұмытпай, әрдайым ұрпаққа жеткізе білу қазір де маңызды.
21 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2020-12-19 09:23:43 ған сәтте-ақ көптен бері жаумаған нөсер құйып кетеді. Сол секілді ізгі пенделердің, ұстаздардың, ата-аналардың дұғалары қабыл. Олардан барып, бата-дұға сұрауға болады. Бірде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Омарға (р.а.): «Сендерге Йеменнен келетін көмекші әскерлермен бірге Қаран тайпасының Мурад аталығынан Уәйіс ибн Амир деген адам келеді. Оның алапес ауруы бар болған, кейін денесінің дирхем мөлшеріндей жерінен өзге жері түгел жазылған. Оның тілін екі етпей құрметтейтін анасы бар. Ол Аллаға ант ішсе, Алла оның дұғасын қабыл етеді. Егер одан өзің үшін Алладан жарылқау тілеуін сұрағың келсе, сұра», – дейді. Айтылған кісі Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірден озған соң Омардың (р.а.) халифалығының тұсында келеді. Мұсылмандардың халифасы одан өзі үшін, мұсылмандар үшін дұға қылуын сұрап, өтінеді. Басқа бір хадисте мұсылман адамның басқа мұсылманға жасаған тілегінің қабыл болатындығын, періштелердің «саған да сондай жақсылық болғай» деп «әмин» айтып тұратындығы туралы да айтылады. Бұл батаның негізі туралы түсінік.

Батаның да түрлері бар. Ақ бата көбінесе жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен істі қолға алушыларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, асқа, тасаттыққа, жиналған егін мен садақаға, құрбандыққа және ақ дастарханға беріледі.

Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Теріс батаны ата-ана сенімін ақтамай, әулетін, ата-тегін масқаралаған, қолын, тілін тигізіп, дінін, тілін, Отанын сатқандарға, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып бата берген. Батаның бұл түрі халық ішінде өте сирек қолданылады. Ата-анасының теріс батасын алғандарды ел ішінде, туған-туыс арасында жақтамаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Яғни, теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Алла Тағаладан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса ата-анасы «Теріс батамды қайтарып алдым», – деп айтқан. Дегенмен, «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табар» демекші, адамдардың қанша ашу мен ызаның үстінде отырса да, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны жөн. Өйткені хадистерде теріс бата беруге, мұсылманға жамандық тілеуге тыйым салынған.

Бата беру қазақ халқында әртүрлі жағдайларда орындалып отырған. Салт-дәстүрдегі белгілі бір рәсімдердің орындалуы кезінде, мәселен қыз ұзату кезінде ұзатылып бара жатқан қызға үлкендер бата берген. Бата айту арқылы қызға рухани күш-жігер беріп, бақыт тілеген. Барған жеріндегі қызға келін болудың қыр-сырын түсіндіретін болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қадірлі адамдардың батасын алу – үлкен абырой. Қазақ халқы арасында кең таралған «пәленшеден бата алған» деген сөз – осының айғағы. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолындағы» Құнанбайдың баласы Абай үшін Ахмет Риза хазіреттен бата сұратқанын айтуға болады. Әбу Ханифаның атасы Зұта ардақты сахаба Әлимен (р.а.) кездеседі. Сонда баласы Сәбитке игі тілек тілеуін өтінеді. Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Жаратқаннан оның ұлына жақсылық, құт-береке тілеп дұға етеді. Сол дуалы сөзден шыққан ізгі тілектер қабыл алынып, Сәбиттен әлемге Әбу Ханифа атымен мәшһүр болған Нұғман есімді ұл дүниеге келеді. Бұл да болса «жақсыдан – шарапат» деген сөздің дәлелі болса керек. Кейіннен Әбу Ханифа да Әли (р.а.) ұрпақтарын айрықша құрметтеген екен.

Қонақжай қазақ халқы дастархан басында да бата беруді ұмытпаған. Батаның бұл түрі көп жағдайда ас ішіліп болған соң айтылатын болған. Астан соң айтылған батада, үй иесінің қонақжайлығы мен жомарттығына қатысты сын мен мадақ қамтылған. Егер дастархан иесіне батагөй риза болса, жақсы тілектермен батасын жаудырған. Ал, көңілі толмаса үй иесін өткір сөздермен сынап отырған. Қарап отырсақ, бата адамды теріс қылықтардан сақтандырады. Ал, жастарды ізгілікке, қайырымды істерге баулиды. Қандай бір іске кірісерде немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда ақсақалдардан бата алатын болған. Сондай-ақ, үйіне келген құдайы болсын, құттысы болсын қадірлі қонағынан да бата алып қалуд
21 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2020-12-19 09:23:42 Бата сұрау – байырғы қазақ халқынан бүгінгі күнімізге дейін еш үзіліссіз жалғасып келе жатқан дәстүр.

Халқымызда «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөздер де бар. Алайда қазақ халқындағы сан ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан бата сұрау мен бата беру үрдісінің түп-төркіні асыл дініміз Исламда жатыр. Ардақты сахабалар Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаладан өздері үшін дұға тілеуін сұрайтын. Өйткені, жан-дүниесі таза Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұғасы қашан да қабыл болатын. Бірде сахаба Әнестің (р.а.) анасы Умму Суләйм (р.а.) Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Расулулла! Әнас сіздің қызметшіңіз. Ол үшін Алладан дұға тілеңізші», – деп өтінеді. Сонда Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла! Оның малы мен жанын көбейте көр! Оған бергеніңнің құт-берекесін бере гөр», – деп тілек тілейді. (хадисті Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұсылман адамның бауырына сырттай жасаған дұға-тілегі қабыл болады. Оның басында арнайы белгіленген періште тұрады. Кісі бауырына жақсылық тілеген кезде белгіленген періште: «Әмин! Саған да сондай жақсылық болсын», – деп тілейді» (хадисті Әбу Дарда (р.а.) жеткізген).

Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің көрінісі. Бата сұрау – өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз. Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, сыйлы қонағына бір малын көлденең тартып, батасын алып соятын салт бар. Үй иесі малын әкеліп қонағына «Әумин» деп қолын жайғанда, қонақ та қолын жайып батасын береді. Бата беру жоралғысы ертеден қалыптасты. «Бата» дегеніміз «Фатиха» сөзінен шыққан. Фатиха – Құран Кәрімдегі ең бірінші сүренің аты. «Фатиха» сөзі «ашушы, беташар» деген мағынаны білдіреді. Яғни, аталмыш сүре – Құдай Тағаланың Кітабының алғашқы сүресі болғандықтан солай аталған. Батаның Фатихадан өрбитіндігіне бұл сөздің қазақ тіліндегі нұсқалары дәлел. Қазақта «бата оқыр» деп бір елге не қабірге барып, марқұмға Құран оқып қайтуды айтқан. Сүгірдің термесінде өзіне «Бәтихасын алам деп» кейбір келіндерінің шай құйып беретіндігі айтылады. Демек, «бата» сөзінің түп-төркіні – «Фатиха». Соған қарағанда ертеректе дінімізден ажырамай, мұсылмандығымызға мығым кезімізде ізгі адамдар елге айтатын бата-тілегін Фатиха сүресінен бастаған болуы керек. Халық арасындағы баталы, қазыналы қарттарымыз «Әлхамдының берекесін берсін!» деп бата-тілек айтып жатады. Міне, сол «Әлхамды» – Фатиха сүресі.

Бата беру өте құрметті іс деп саналады. Бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алдымен алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Ақсақал қауым әуезді үнімен мәнерлеп, бар ынтасымен бата береді. Бата аяқталған кезінде, жиналған қауым бір ауыздан «әумин» деп ас қайырып, «айтсын», «айтқаның келсін» деп бет сипасады. Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан бата беру дәстүрі тамаша сөз өнерінің де белгісі. Бата беру – сұраушыға жақсы тілек тілеп, адал ниетті білдіру. Ақ бата адамға рухани қуат, күш сыйлайды. Бата қандай жағдайда берілмесін адамды кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Әдетте, бата беру ауылдың үлкендерінің, қадірлі қариялардың, атақты батырлардың, ақындарының, би-шешендерінің, ақсақалдарының, жолы үлкен адамдардың, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Батаның бірнеше түрлері бар, яғни қысқасы және ұзағы болады. Мұның бәрі бата берушінің ақыл-ой, парасатының деңгейіне, шешендігіне байланысты. Егер де сөздері қадірлі, әрі ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзақ батаның да қасиеті, құдіреті, күші бірдей. Батаның қабыл болуын тек жалғыз ғана Жаратқаннан тілеген жөн.

Қазақ халқындағы сан ғасырлардан бері қалыптасып кеткен бата сұрау, бата беру үрдісінің түп-төркінін асыл дініміз – Исламда жатқанын мына мысал арқылы көреміз. Бірде қатты қуаңшылық болып, адамдар Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алладан жауын сұрауын өтінеді. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұға қыл
14 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2020-12-17 19:05:42

12 views16:05
Ашу / Түсініктеме
2020-12-08 06:32:04 Channel name was changed to «COSMONUR BAIKONGYR»
03:32
Ашу / Түсініктеме