Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойд | Azattyq Rýhy

Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

5 мамырда Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салуды енгізу.

Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстанның заңды тұлғасының қатысушылары құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері реттелді.

@azattyq_ruhy