Get Mystery Box with random crypto!

Риддер қаласындағы орман өрті сөндірілді Шығыс Қазақстан облы | Azattyq Rýhy

Риддер қаласындағы орман өрті сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында екі күннен бері жанып жатқан ормандағы өрт сөндірілді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, жалын 12 мамырда сағат 14:30 шамасында ауыздықталған. Өрттің жалпы аумағы 287,4 гектар аумақты құраса, оның 272,4 гектары орманды алқап.

Еске салайық, 10 мамырда тұтанған өрт салдарынан Риддер іргесіндегі Лесхоз кенті айтарлықтай зардап шекті. Мұнда 31 үй мен 5 автокөлік жанып кетіп, 1 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

@azattyq_ruhy