Get Mystery Box with random crypto!

Жәнібек Әлімханұлына ресми түрде әлем чемпионы атағын иемденді | Азаттық таңы

Жәнібек Әлімханұлына ресми түрде әлем чемпионы атағын иемденді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанды.

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өткен. Осылайша ол белбеуге үміткер болған Әлімханұлымен жұдырықтасудан жалтарып кетті. Сондықтан ұйым қазақстандық боксшыны әлем чемпионы ретінде ресми түрде мойындады.

Әлімханұлы "уақытша" чемпиондық белбеуге британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңген соң қол жеткізген.

Фото: stan.kz

@azattyqtany