Get Mystery Box with random crypto!

АЭС-тен қорқудың қажеті жоқ — Премьер-министр Қазақстанда сал | Азаттық таңы

АЭС-тен қорқудың қажеті жоқ — Премьер-министр

Қазақстанда салынатын атом электр станциясы халықаралық бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews-ке берген сұхбатында айтты.

Үкімет басшысы қазақстандық делегация "Росатомның" қатысуымен Түркияда салынып жатқан "Аккую" АЭС-тің тәжірибесін көріп келгенін мәлімдеді. Смайыловтың сөзінше, жобаның құрылысына шамамен 8 жыл уақыт кетеді.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды АЭС-тен қорықпауға шақырды.

"Біз ең қауіпсіз технологияны және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы орындай алатын жеткізушілерді таңдаймыз", — деп сендірді Премьер-министр.

Фото: inform.kz

@azattyqtany