Get Mystery Box with random crypto!

​Ұлттық мектеп-интернаты жобасы туралы Біраз оқырмандар мен | AYATZHAN / Мінез!

​Ұлттық мектеп-интернаты жобасы туралы

Біраз оқырмандар мен тілекшілер "көптен бері Ұлттық мектеп-интернаты жобасы туралы жазбай кеттіңіз, не боп жатыр?" - деп сұрақ қойыпты.

Бірден айтайын, белге көтере алатын шоқпарды ойланып барып байлайтын адамбыз. Сондықтан ауыздан сөз шыққанша ол менікі. Сөз шыққасын ол уәдеге айналады. Ал уәде - құдай сөзі.

Бұған дейін айтқандай Павлодар немесе Петропавл қаласынан Ұлттық мектеп-интернатын жасақтау мақсатымыз нақты жобада жүріп жатыр.

Иә, мектеп-интернаты жеңіл шаруа емес. Ол үлкен қаржы, ұзақтау уақыт, үлкен еңбек. Бірақ біздің команда барымызды салып жатырмыз. Бәрі жоспардағыдай жүріп жатыр.

Біраз жұрт көмектесеміз дегесін есеп шотымызды жариялап қойған едік. Бір айда 2 185 612 теңге жиналыпты.

Бұл әрине ештеңені шешпейді. Бірақ біз тоқтамаймыз! Біз ойға алған мақсатқа жетеміз. Өзіме үш жыл уақыт беріп отырмын.

Кейбір кісілер ақыл айтыпты. "Халықтан ақша жиып жеке мектеп ашпақсыз ба? Халықтың ақшасына ақылы мектеп салып аласыз ба?" - дейді.

Айналайын, біріншіден, халықтың ақшасы - ұлт біліміне берілген садақасы деп қараймын.
Екіншіден, ұлттық мектеп-интернаты салынып болса жан басына қаржыландырумен-ақ тегін оқыту жоспарда. Ол жағы еш қиын емес.

Жалпы есеп беріп, жаңалықпен бөлісіп қояйын дегем ғой. Жұртта күмән болмасын деп.
Үлес қосамын дегендер үшін, Каспий/халық банк. 8702 931 8008 нөмірінен аударым жасай аласыз.
Ал кездесіп, сөйлесіп жобаға үлес қосамын десеңіз осы нөмірдемін. WhatsApp-пен байланыс ең тиімді. Кейде жұмыс барысы немесе сабақ кезінде телефонға жауап бере алмайтын кездер көп болады.

Қолдап жатқан әр қазағыма алғысым шексіз!
Біз мақсатқа жетеміз!

#Ұлттықмектеп