Get Mystery Box with random crypto!

Президент білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсыныпты. | AYATZHAN / Мінез!

Президент білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді ұсыныпты...

Иә, көп елде солай, бірақ, жан саны 50 миллионнан асатын ел мен жан саны 20 миллионға жетпейтін елді салыстыруға келмес...

Бізде бұл бөлу аса пайда бермейді деп ойлаймын.

Министрлік көбеюі бюрократияның көбеюі.

Ертең орта білім мен жоғары білім арасында шешілетін дүниелер екі министрліктің арасында шаршатады.

Шенді шекпендіні көбейтеді...

Жалпы біздің елдегі 30 жылдары ең үлкен "жетістіктің" бірі сол министрлік ашу мен жабудан рекорд шығармыз...

Қай заманда қандай министрлік ашылмады, бөлініп, қайта қосылмады...
Аты өзгеріп, комитеттер көшпеді...

Бірақ содан дамып кетпедік...