Get Mystery Box with random crypto!

​Адамның арманы шексіз, мақсаты көп болады ғой. Сол арман-мақс | AYATZHAN / Мінез!

​Адамның арманы шексіз, мақсаты көп болады ғой. Сол арман-мақсатына қарай әрекет етеді. Ниеті қалай соған қарай нәтижесі болады.

Мақсаттарыңды орындап, арманға жету оңай нәрсе емес. Жалпы жетістікке жету үшін де көп нәрсе керек.

Ең маңыздысы - саған жан-жағыңнан қолдау болуы. Адам жетістікке жетуі үшін міндетті түрде үш бағыттан қолдау керек.
Біріншісі, отбасының қолдауы;
Екіншісі, ұжымның қолдауы;
Үшіншісі, қоғамның қолдауы.

Бұл үшеуі болмаса, ешқашан жетістікке жете алмайсың. Қазақ оны жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас, - дейді.

Біздің қоғамда осы қолдаудан тысқары қолдаулармен таныс-біліс, пара, көке дегендермен жетістікке жеткісі келеді. Оның бәрі уақытша. Ондай жетістіктің табаны тайғақ, ғұмыры қысқа болады. Олай жетістікке жеткен адамның өмірі тыныш болмайды да.

Ал жоғарыдағы үш қолдауға қол жеткізу де көбінде өзіңе байланысты. Тазалық пен іскерлік болса, 2-3 қолдайды. Әрине, кейде ішкі-сыртқы факторлар әсер етеді.

Ал үшеуінің де қолдауы болмаса, қанша талантты, қанша іскер болсаң да, жетістікке жету мүмкін емес...
Онсыз ерік-жігерің қанша мықты болса да бір күн сыр беретіні анық...

Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз, сіздің қолдау қай жақтан, қаншалық?

P.S. Бүгін мен ұлттық мектеп құруда жетістікке жетеміз деп сенсем, дәл осындай берекелі ұжымға сеніп келемін.
P.S.2. Суретте Ақмола облысы Зеренді көлі бойында демалыста жүрген Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия ұжымы.