Get Mystery Box with random crypto!

Сандар сөйлесін! Елімізде ертең 11(12)-сыныптарды - 170 857 о | AYATZHAN / Мінез!

Сандар сөйлесін!

Елімізде ертең 11(12)-сыныптарды - 170 857 оқушы;
9-сынып - 302 078 оқушы бітіреді.

Оның ішінде "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлер саны - 8139 оқушы.

Ал, 1-сыныпты - 393 532 оқушы тәмамдайды.

Биыл еліміздегі алғаш рет жалпы оқушы саны 3,5 миллионнан асты.
Ал қазіргі таңда елімізде барлығы 7569 мектеп бар. Ең көп оқушы бар мектепте оқушы саны 5,2 мың шамасында. Ең аз оқушы саны мектептегі оқушы саны 10-15 оқушы.

Тілдік жағдай бойынша 11 сынып түлектерінің 76% қазақ, 23% орыс, 1% өзге тілді сыныптардың түлектері.

Ал, жалпы оқушы саны бойынша 70% қазақ сыныбы, 28,5% орыс сыныбы, 1,5% ға жуық өзге тілді оқушылар.

Ал, мектептердің және 1 сыныптар мен 9 сыныптар үлесін таппадым)