Get Mystery Box with random crypto!

Бір жылдан бері ұлттық мектеп жасаймыз деп жанталасып келеміз. | AYATZHAN / Мінез!

Бір жылдан бері ұлттық мектеп жасаймыз деп жанталасып келеміз. Осы арманның жетегінде мектепте "Ұрпақтар сабақтастығы" деп аталатын үлкен жоба жасап ек. Жоба аясында, "Ұлы дала рухы дәлізі", "Абай кітапханасы", "Мағжан дәрісзалы", "Алаш тарих кабинеті", "Шоқыр спорт залы", "Мұхтар мәжіліс залы", "Ербол қазақ тілі кабинеті", "Тарих баспалдағы", "Тұлғалар дәлізі" секілді жұмыстар жасалып еді. Соның соңғы түйіні һәм ең ауыры ол "Қайым Мұражайы" болатын. Біз сол нүктені 6 мамырда қойып, бір тыныстап алсақ деп шештік.

Осы мақсатта 6 мамыр болатын "РУХЫ МЫҚТЫ ЕР ҚАЗАҚ" атты іс-шарамыздың бағдарламасымен танысып,рухани кештің қонағы болуға шақырамыз!

БАҒДАРЛАМА:

9:00 Қонақтарды қарсы алу,тіркеу
9:30 “Қайым және ұлттық болмыс” атты жалпылық сынып сағаты
10:30 Орта оқу орындарындағы білім үдерісі және ұлттық мектеп моделін қалыптастыру мәселелеріне арналған “Ұлттық мектеп- ұлт болашағы” атты ғылыми-тәжірибелік семинар
13:00 Кофе-брейк
13:30 Ғалым,ұстаз Қайым Мұхамедханұлының құрметіне арналған қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы “Алтын Белбеу” республикалық турнирінің ашылуы
14:00 “Қайым және ұрпақтар сабақтастығы” мектеп ішіне экскурсия сағаты
15:00 “Қайым мұражайының” ашылуы
16:00 Қайым Мұхамедханұлын еске алу концерті
17:30 “Ұлылар есімі ұрпақ жадында” атты Алаш арыстарының атындағы аллеяның ашылуы (тал отырғызу шарасы)
18:30 Қайым рухына арналған ас

КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР!