Get Mystery Box with random crypto!

Алматыдағы тес кезінде қайтыс болған әріптес туралы, және Ұлтт | AYATZHAN / Мінез!

Алматыдағы тес кезінде қайтыс болған әріптес туралы, және Ұлттық біліктілік тесті туралы вице министр кеш те болса пікір білдіріпті, отбасы мен жақындарына көңіл айтыпты. Ресми жауапты тұлға ретінде дұрыс қадам.
Жалпы оқиға кезінде біраз әріптестер пікір білдіруімді сұрады. Шыны керек пікір білдіргім келмеді. Біреу қайтыс болып жатса, қазадан ұпай жинап, немесе жеке мүддесін тықпалап жатқан қауымды көріп қарным ашты.
Жалпы ұстаздар ҰБТ-сы болмасын, ұстаздар тест тапсырмасын деу ұстаз үшін ұят, - деп ойлаймын. Білікті ұстазға өз пәнінен біліктілік тесті әңгіме емес.

Ал, сұрақ сапасы (өте мөте педагогика-психологиядан) ол бөлек әңгіме. Бұл жерде біз талқылайтын, дұрыстауды талап ететін дүниенің бірі сұрақ сапасы.

Екіншісі тест өтетін жердің техникалық, қауіпсіздік шарт жағдайы. Соны дұрыстауды талап ету керек деп ойлаймын.

Жалпы мұғалімдердің және оқушылардың ҰБТ-сындағы біраз мәселені бірге отырып, ашық талқылау туралы Ұлттық тестілеу орталығы директоры Ruslan Yemelbayev мырзамен USTUDY компаниясының басышысы Olzhas Kuspekov мырзаға қаңтар айында ұсыныс тастағам. Олжас мырза дайын екенін айтты. Руслан мырза ай сайын шегеріп келеді. Негізі жараны асқындырмай мәселені уақытында ашып талқылап шешіп тұрған дұрыс.

Себебі, білім саласы елдің болашағының мәселесі. Ал, екі ҰБТ-да сол болашақты сапалы маманмен қамтамасыз етудің қадамы. Сондықтан, ол мінсіз болмақ керек.
https://kazbilim.kz/?p=12282