Get Mystery Box with random crypto!

Бердібек Сапарбаевпен халық жылап қоштасты, еңбегіне ел сүйіні | AYATZHAN / Мінез!

Бердібек Сапарбаевпен халық жылап қоштасты, еңбегіне ел сүйініп, көзіне жас алып жатыр ғой...

Жалпы әкімдер еңбегі дегенде мен көбінде білім саласына қатты қарайды екенмін. Себебі білім саласы - ертеңгі болашақ. Кейбір әкімдер облыстың білім саласының не боп жатқанында шаруасы жоқ. Себебі ол салада жұмыс нәтижесі бірден көрінбейді. Ұзақ уақытты алады. Ал әкімдердің көбі өзін уақытша сезінеді.

Ал елдің болашағы, адами капиталдың сапасы - елдің ертеңі. Бүгінгі мәселені емес, болашақтың мәселесін шешу керек. Себебі болашақтың мәселесі шешілсе, ертеңгі күн жарқын болары анық.

Кеше орын алмасқан үш әкімнің жұмысын біраз зерттедім. Қайсысы білім саласына қатты көңіл бөлген екен деп. Әрине, әр облыстың өзі жақсы білер, бірақ сырт көз сыншы ретінде жаңалықтарын біраз ақтардым. Бақсам бақа екен дегендей, білім саласына ең көп көңіл бөлген Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов секілді.

Облыста төмендегі ауқымды іс-шаралар жүзеге асты, - дейді облыстың білім басқармасының ақпаратын ақтарып отырсам.
1. Ауыл мектептерінің 800-ге жуық мұғалімі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған курста біліктілік арттырды;
2. 40 тренер АКТ құзыреттілікті дамытуға байланысты арнайы курстан өтті. 40 тренер арқылы облыстың 3600 мұғалімі АКТ құзыреттілігі курсымен қамтылды;
3. 40 педагогтен тұратын кадрлық резерв жасақталды.
4. "Зияткер" облыстық мектебі ашылды. Озық халықаралық тәжірибелерге негізделген бұл мектепке ауыл балалары көптеп тартылды;
5. Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жолға қою, қиын өмірлік жағдайдағы оқушыларға көмек көрсету, өз - өзіне қол жұмсаудың алдын-алу, т.б. өзекті мәселелер бойынша 16 мектепке халықаралық "Берік отбасы" бағдарламасы енгізілді.
6. Халықаралық стандарттарға және ұлттық заңнамаға сәйкес оқушылардың саулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 7 НҚА құжаттың жобасы жасақталды;

7. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша 50 сертификатталған тренер даярланды. Бұл іс-шаралар оқушыларға қосымша білім беруді қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік бермек.
8. 2020-2021 оқу жылында 470, ал 2021-2022 оқу жылы 386 жас мұғалімді жұмысқа тартып, пәтер беруден бастап түрлі әлеуметтік қолдау жасалды. Олардың біразы қазір ауылдық жерде жұмыс істеп жатыр.

9. Педагогтерге берілетін облыс әкімі грантын 178-ге жетті. 2021-2025 жылға арналған облыстың даму кешенді жоспарын жасатып, былтыр қабылдатты. Сол бойынша 2025-ке дейін 48 мектеп салынып, үш ауысымды мектеп, апатты мектеп проблемасы толық шешіледі, - дейді егер ақпараттарын ақтарсақ. Егер шын іске асса, үлкен жұмыс.

Қазіргі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ретінде ашылып жатқан BINOM мектептерінің облыстарда, ең алдымен, ашылатыны да осы Атырауда, - дейді.

Жақсы жұмыс, нәтижелі жұмыс. Білім саласы шулап жататын, дау мен ырың-жырың емес, осындай жұмыс болса, қуанып қаласың ғой, әрине.

Атыраулық әріптестер, сырттай бағама нақты ойын айтар, қаншалықты іске асып жатқанын. Мен алмасқан үш әкімнің жұмысынан білім саласына салмақты мән бергені Махамбет Досмұхамбетов деп бағаладым. Мүмкін мен қателестім, келіспеген жұрт өз облысының жұмысын көрсете жатар.

Әкімдер білім саласына қатардағы сала деп емес, N1 сала деп қарағанда ғана біз болашақта шын дамыған елдер қатарына кіре аламыз. Әйтпесе, тек "өрт сөндірумен" өмір өтеді.