Get Mystery Box with random crypto!

Ұлтымыздың төл мерекесі тәуелсіздік күні құтты болсын! 30 жы | AYATZHAN / Мінез!

Ұлтымыздың төл мерекесі тәуелсіздік күні құтты болсын!

30 жылды артқа тастаған қасиетті құндылық қазақ ұлтына өте үлкен мүмкіндіктер берді. Тарих ағысында жаңа бір серпінмен түлеуге, дамуға ерікіндіктен асқан құндылық болмақ емес.

30 жыл!
Аз да көп те уақыт емес. Біздің ендігі бағытымыз елдің ғылым, білім, ақпараттық, экономикалық юағыттарда шынайы тәуелсіздігімізді орнықтыруға жұмсалуы керек. Ол бір ғана адамның емес баршамызға аса үлкен жауапкершілік!

Тәуелсіздік елге көп нәрсе берді, маған одан көп нәрсе берді. Ең үлкен бақытым ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ атану! Сондықтан да ел алдында өзімді әркез борыштар сезінем.

Әрбіріміз өз жауапкершілігімізді толық ада ете алсақ, онда елдің ертеңі туралы тәуелсіздіктің 50 жылдығындағы, ғасыр тойындағы елдің деңгейін елестеуге болар еді.

Иә. Ұлттың ұлы мерекесі, еліміздің басты құндылығы тәуелсіздік баршамызға құтты болсын!
Жер бетін аттың тұяғымен дүбірлетіп, әлемді өз әлінше уысында ұстаған бабаларымыздың рухын берсін!

Мереке құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Аятжан Ахметжанұлы