Get Mystery Box with random crypto!

Бірінші қаңтар жаңа жыл емес, Жаңа жыл емес наурыз да. Жаңа жы | AYATZHAN / Мінез!

Бірінші қаңтар жаңа жыл емес,
Жаңа жыл емес наурыз да.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Несі таң екен аспаннан ақ қар төгілсе,
Несі таң және қылтиып көк шөп көрінсе?..
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Күл мейлің...
Бұзылып кенет нілдей күн,
Еңсеңді басса зілдей мұң.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Неге екенін білмеймін...

Есенғали Раушанов

Иә, біз үшін де жаңа жыл жаңа оқу жылының басынан басталады ғой...

Құрметті әріптестер, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тілеймін! Әр баланың жұлдызын жаға беріңіздер!

Құрметті ата-аналар, ұлдарыңыз ұлағатты, қыздарыңыз инабатты болсын!
Білімді һәм тәрбиелі ұрпақ өсіре беріңіздер!

Құрметті оқушылар, еліміздің ертеңі білім жолындағы тағы бір жылдық сапарларыңыз сәтті болсын!

Білім күні құтты болсын!