Get Mystery Box with random crypto!

​​480 теңге + кішкентай намыс = ұлттық тек Ең алғаш оқуға түс | AYATZHAN / Мінез!

​​480 теңге + кішкентай намыс = ұлттық тек

Ең алғаш оқуға түскен кезде топтастарымның аты жөніне қарап бір түрлі болатын ем.
Себебі, Мөлдір деген әдемі ат Молдир, Әсел - Асель, Қошқарұлы - Кучкарович еді. Әп әдемі қазақ сөздерін неге сонша қорлайды екен деп ойлайтынмын.

Ал, ұлты деген жерде казашка, казах деп тұратыны тіпті намысыма тиетін. Неге қазақша жазбайсыңдар аты жөндеріңді дейтінмін. Тоқсан сылтау айтады.

Кейін үйленген кезде 2009 жылы келіншегімнің аты жөнін қазақшаладық. Біреулер айтқандай ешқандай құжаттық мәселе содан бері туған жоқ.

Содан бері жақын адамдарымнан біраз адамның құжат қазақшалауына себепкер болдым.

Кезінде Ербол Іргебай ағам дәл солай Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектепте бір күнде бүкіл ұжым құжатын қазақшалаған еді.

Ерағам салып кеткен сол үрдістің сабақтастығы болсын, 90 гимназия ұлттық мектеп үлгісі болады дегенде құжат та сай болса деген арманмен өткен оқу жылының соңында ұжымға ҚАЗАҚ болайық, сөзбен ғана емес, ісімізден, тегімізден қазақтық көрінсін дегем.

Ұжым қолдап батсап кетті, Гульзира - Гүлзира, Сауле - Сәуле болды. Хамитович - Хамитұлы болды. Ары қарай толық қазақ болсақ деген ниет бар.

Абай күні дегенде өзімізге сынай қарап есіме түсіп жатыр...
Қазақ болайық, ағайын!

Ол үшін алғашқы қадамға 480 теңге және кішкентай намыс керек. Атыңыз айбынды, тегіңіз атаңыздың атын қорламайтындай болады!