Get Mystery Box with random crypto!

​​Республикалық QAZBILIM орталығы үшін жаңа оқу жылы басталды! | AYATZHAN / Мінез!

​​Республикалық QAZBILIM орталығы үшін жаңа оқу жылы басталды!

2016 жылы ақпанда ашылғаннан бері көз алдарыңызда өсіп, дамып келеді. Бір балаға болса да сапалы білім берсек деп ірге кеңейтіп келеді. Алғаш ашқан пақырларыңыз - мен.
Биыл 7-жыл түлек шығарып, салып, жаңа оқу жылына үлкен жаңалықтармен қадам басқалы отырмыз. 

Орталықтың негізгі бағыттары:
- Назарбаев зияткерлік мектебіне дайындық (НЗМ);
- Білім-Инновация лицейіне дайындық (БИЛ);
- Назарбаев университетіне дайындық (НУ);
- Ұлттық бірыңғай тестке дайындық (ҰБТ);
- тіл курстары т.б.

1 тамызда 10 қаладағы 14 бөлім:
- Нұр-Сұлтан қаласы;
- Алматы қаласы;
- Шымкент қаласы;
- Ақтөбе қаласы;
- Ақтау қаласы;
- Қызылжар (Петропавл) қаласы;
- Қарағанды қаласы;
- Қызылорда қаласы;
- Семей қаласы
- QAZBILIM онлайн бөлімі;
- QAZBILIM кітап бөлімі @qazbilim.book өз жұмысын бастайды.

20 тамызда үш қалада:
- Ақтау лицейі;
- Қостанай лицейі;
- Атырау лицейі өз жұмысын  бастайды деп жоспарлап отырмыз.

Қазақтың әр баласы дарынды, дұрыс бағыт беру -  бізге парыз. Әр оқушы - әр отбасының ғана емес елдің болашағы. Сондықтан әр оқушының ертеңі үшін сапалы білім, ұлттық тәрбие беруге барымызды саламыз.

Суретте 12 қаладағы QAZBILIM офистерінің мекенжайы мен телефондары көрсетілген.

Кез келген сұрағыңыз бойынша 8707 831 8008 онлайн бөлім нөміріне хабарласуыңызға болады.

Дәл қазір 2022-2023 оқу жылына курсқа жазылу жүріп жатыр. Орын саны шектеулі. Себебi бiз үшін сан емес сапа маңызды. Сондықтан үлгеріңіздер.