Get Mystery Box with random crypto!

Тағдырым биік Хантәңір, Талабым таудай сонша дүр, Талғамым өр- | AYATZHAN / Мінез!

Тағдырым биік Хантәңір,
Талабым таудай сонша дүр,
Талғамым өр-ді талайдан,
Тағы боп кетсем, сәл сабыр.

Еңсемді тіктер құзар шың,
Тарихым дүр Ер Тұран.
Теңізден ғана ұғарсың,
Өр толқын мінез толқыған.

Еейй, асқар таулар,
Асқақтығыңды сағынам,
Басыңда жатса да ақ қар,
Биіктікке ғана бағынам.

Көңілі көкке ұлыған,
Бөрі тағдырға ұрынам,
Екі ұртының бірі қан,
Жыртқыштық көрме мұнымнан.

Тағы боп кеткен тағдырым,
Шыңдарда ғана түнеген,
Таусылмас сірә мағдұрым,
Бассам да қасат тізеден.

Ақбас шың қадірлі, ізі жоқ,
Хантәңір - сағыныш, сызы жоқ.
Еңсесін бастырмас ешкімге,
Екеуінің кетем ұлы боп.

Бассам да ғұмыр жалғанын,
Табиғатымды өзім талдадым,
Періште боп келдім өмірге,
Пенде боп кетпеу арманым.

Аятжан Ахметжанұлы
08.12.2018ж