Get Mystery Box with random crypto!

🕌 أية قرآن | AYATKORANA

Telegram арнасының логотипі ayatkorana — 🕌 أية قرآن | AYATKORANA أ
Telegram арнасының логотипі ayatkorana — 🕌 أية قرآن | AYATKORANA
Арна мекенжайы: @ayatkorana
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-07-06 16:07:19 Жазбану оқу.

Әділетті халифа Омар ибн Хаттабқа яһудидің бірі келіп: «Иә, Омар! Сендер бір аят оқисыңдар. Егер сол аят бізге түскенде, біз оның түскен күнін мереке етіп атар едік», - дейді. Бұл Құрандағы «Мәида» сүресінің үшінші аяты болатын. Аяттың мазмұны мынадай:

«Міне, бүгін сендердің діндеріңді кемеліне жеткіздім және өздеріңе арнаған нығметімді тұтас етіп толықтырдым. Сондай-ақ, Исламның сендерге дін болуына разы болдым». («Мәида» сүресі, 3-аят)

– Арапа күнгі ораза өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады.

– Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға

– Қажылық дегеніміз – Арафат. Кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады.

@ayatkorana
1.7K views13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 18:34:22 Сүре әл-Бәйинә [Ашық белгі] – Аят 8

Олардың сый-сияпаты Раббыларының дәр-гейінде: (жайқалған бау­-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын мәңгілік Адн жаннат бақшалары, олар онда мәңгі­-бақи қалады. Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
1.8K views15:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:00:18
2.3K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 13:28:44 Сүре әл-Инсан [Сана иесі] – Аят 5-6

Ізгі жандарға келсек, олар кеселерге құйылған хош иісті «кәфур» қосылған жаннат сусынын ішеді.

Ол сондай бұлақ: одан Алланың хас құлдары сусындайды Һәм оны өздері қалаған бағытқа бұрып ағызады.

Қари: Tariq Muhammad.

@ayatkorana
3.0K views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 19:28:17 Сүре әл-Мунафиқун [Мунафықтар] – Аят 9

Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар.

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
2.9K views16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 17:10:59 Сүре әл-'Абәсә [Томсыраю] – Аят 24-32

Ал енді, адам баласы өзінің ас-ауқатына зер салып қарасын:

Расында, Біз жауынды молынан жаудырудамыз.

Содан соң (жауын суына қанған) жерді қопсытып, егістікке әзір күйге келтіреміз.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
2.3K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 16:12:48 Сүре әл-Ән'ам [Шаруа малдары] – Аят 32

Дүние тіршілігі – құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар үшін ақирет тұрағы (мекені) әлдеқайда қайырлы болмақ. Ендеше, сәл де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
2.3K views13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 17:30:47 Channel photo updated
14:30
Ашу / Түсініктеме