Get Mystery Box with random crypto!

Жазбану оқу. ⠀ Әділетті халифа Омар ибн Хаттабқа яһудидің бірі | 🕌 أية قرآن | AYATKORANA

Жазбану оқу.

Әділетті халифа Омар ибн Хаттабқа яһудидің бірі келіп: «Иә, Омар! Сендер бір аят оқисыңдар. Егер сол аят бізге түскенде, біз оның түскен күнін мереке етіп атар едік», - дейді. Бұл Құрандағы «Мәида» сүресінің үшінші аяты болатын. Аяттың мазмұны мынадай:

«Міне, бүгін сендердің діндеріңді кемеліне жеткіздім және өздеріңе арнаған нығметімді тұтас етіп толықтырдым. Сондай-ақ, Исламның сендерге дін болуына разы болдым». («Мәида» сүресі, 3-аят)

– Арапа күнгі ораза өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады.

– Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға

– Қажылық дегеніміз – Арафат. Кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады.

@ayatkorana