Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін демалыс, демек, миға еш күш салмайтын, ештеңені міндет қ | Жергілікті аудармерия

Бүгін демалыс, демек, миға еш күш салмайтын, ештеңені міндет қылмайтын ескі посттарды бөлісудің реті, немесе ретсіздігі.

“Бір көт пен боқ төңірегіндегі арзан әңгімемен, арзан комедиялық әсер тудыра бермей, әдемі, таңғажайып, көз жасың көтіңнен сорғалағанша ебіл-дебіл еңіреп жылайтын әлжуаз сабындрамалық сюжет жазғым кевотр.

Короче, Ин Яз жатақханасындағы досына қонақтап келген Самат тік ішегіне тезегі тірелген кезде туалетке жүгіреді. Қоғамдық "мәдени ошаққа" кіре сала кабинкалардың біріне кіріп, дамбалды сыпыра-мыпыра отыра кетеді.
Еш қатерден сезіктенбей, маңғаз бүркіттің позасында отырған Самат соңғы толқыннан кейін артынан сығалап тұрған қоңырқай "тасбақаның басын" көтрицепстің күшімен қия бергенде, қағаздың жоқтығын байқайды.
Бәрімізге таныс жағдай.
"Қап, бес жүз теңгенің шұлығы садаға кететін болды ғой" деп аяқ киімін шеше бергенде көрші туалеттен телефоннан күмбірлеп шыққан Топ Ган фильмінің саундрегін естиді.
Дю-дю-дю-дю-дюн....... дюндюн-н,... дюн-дюн...Бірақ телефон иесі ыңғайсыз жағдайда келген қоңырауға жауап бермей, ғажайып әуенді жары жолда қиып тастап, қоғамдық дәретхана тып тыныш боп қалады.

"Ох, мен бұнда жалғыз емес екем"- деп ойлайды Самат.
Сол-ақ екен, жаңа ғана әуен шыққан бағыттан "бтр-тттт" деген өзіне ғана тән дыбыспен жаңғыра естілген құмалақтар кезегі тыныштықты бұзады.

- Бырат, артық қағазың болса беріп жіберш - дейд Самат.
Тышақ жақтауының астынан бір бума оппозициялық "Шен және Хрен" газеті қылт етіп шығады.
- О, рахмет бауырым. Бір аптаға қарқ қылып тастадың ғо, хехе! -дейді Самат.
Тап сол кезде жақтау артынан сыңғырлаған күлкі "бырат" деп отырғаны бикеш екенін аңғартады. Күркіреп жауған дүлей жауын құстардың әсем әнін қалай тұншықтырса, унитаз бөшкесінен ақтарылған судың шуы да әдемі сыңғырды солай басып кетеді. Биік өкшелі туфлиі тоқ-тоқ-тоқ еткен күйі бикеш ол жерден шығып кетеді.
Самат өмірінде бірінші рет бейтаныс тышқақ қызға құлай ғашық болғанын түсінеді.
***
Содан қызық, жігіт бүкіл қыздардың бөлмесіне ұрын барып, қыздардың бөлмесін тінтіп, әңгіме арты оппозициялық газеттер іздеу, "Шен және Хрен" газетін әкеп жатақхана маңында сату, жатақхана қыздарының бәрімен танысып, телефондарындағы рингтондарды тексеру, тағы басқа қызық пен шытырманға толы романтикадан бүйрегің сүйсінетін жайттарға жалғасатынын мен айтпай-ақ шырамытуға болады.
Атын қиялға көп күш түсірместен "Общагіде жүз қыз бар. Туалетте біреуі" деуге болад.
#әжетхана #жатақхана #махаббат