Get Mystery Box with random crypto!

What's up, жаңа, көне лингвистер!   Контекстін ұқпасаң, аудар | Жергілікті аудармерия

What's up, жаңа, көне лингвистер!
 
Контекстін ұқпасаң, аударусыз қалдыратын сөздердің тағы біреуі —"Локализация". Аударуы қиын емес сияқты бір қарағанға.
Бірақ іс жүзінде қазақшасын оңдырған адам көрмедім.
Мағыналары:

1) Таралуын шектеу, жайылуына жол бермеу мағынасында: "Оқшаулау" деп аударуға болады тек контекст: қарулы қақтығыс, техногенді апат, инфекция болса ғана.
Басқа контексте қолдансақ, сөйлем мағынасы әдіре қалады.

2) Бірнәрсенің тұрған орны немесе оқиға болған жері, локализация опухоли, проявлений кандидоза т.б - ауру белгілерінің, ісіктің, т.б. шығатын не өрбитін жері. Контекст медицина.
Көбіне аудармай, сол күйі "локализациясы" деген дұрыс, немесе грамматикалық трансформация жасауға болады. Мыс, дәрігердің науқасқа жазған қорытындысында: "Локализация патологических проявлений - на слизистой оболочке полости рта" десе "Ауыз қуысының сілемейлі қабықшасында патологиялық белгілер бар"

3) Жат жұрттық, шет елдік бірдеңені елге әкеліп жерсіндіру. Локализация бизнеса, производства, технологий.
Бұл жерде локализацияны ешқашан "оқшаулау"деп аудармаймыз. Тек "жерсіндіру", тым құрыса, "жергіліктендіру" деп аударған жөн. Ойбай, ол "акклиматизация" мен "коренизация", ойбай, ол басқа сөз!" -деп орыс тілінің ығынан шыға алмай байбалам салуға еш ақылға қонарлық себеп жоқ. "Жерсіндіру" сөзінде "климатқа" не "коренной" сөзіне қатысты еш ассоциация болмағандықтан, бұл контексте де еш қысылмай қолдануға болады.

4) Локализацияның тағы бір мағынасы, сайт, программа, ойын т.б. софт құралдар мен ережелерді, әлдебір жүйені әлдебір елдің мәдениетін ескере отырып, тіліне "аудару" ғана, немесе"бейімдеу".

Тағы басқа мағыналары болса, қосарсыңдар. Тек бір мәнін екіншісімен шатастырмасаңыз болды.
Ал егер өртті «жерсіндіріп», ісікті «жергіліктендіріп», шетелдік технологияларды «оқшаулап» қоятын әдетіміз болса, онда сол күйінше «локализация» деп қалдыра салғанымыз жөн. Саланы білетін адам түсінеді.

 #локализация