Get Mystery Box with random crypto!

Рухани азық📚

Telegram арнасының логотипі audarmalar — Рухани азық📚 Р
Telegram арнасының логотипі audarmalar — Рухани азық📚
Арна мекенжайы: @audarmalar
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 662
Арнадан сипаттама

‼Видеоларды алып, таратқанда мені белгілеуді ұмытпаңыздар😊
📚" Кімде-кім бір жақсылыққа себепші болса, соны жасағандай сауап алады "
✅Жақсылықта жарысайық бауырлар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-04-04 08:56:00 Оразаны бұзатын және кәфәрат уәжіп болмайтын жағдайлар

Әдетте желінбейтін нәрселер:
1)Піспеген күріш, қамыр, ұн, 1 уыс тұз жеу;
2)Тістің арасындағы ноқат мөлшеріндей нәрсені жеу;
3)Топырақ, мақта, қағаз, тас жеу;
4)Піспей тұрып жеуге болмайтын нәрселерді жеу;
5)Түтінді, буды, шаңды әдейі жұту

Дәрі:
1)Клизма жасау;
2)Мұрынға дәрі тамызу;
3)Құлағына, әуретіне, артына май тамызу;
4)Укол салдыру (егер күш беретін болса)

Шәһуат:
1)Ұмытып қосылып қойған соң, ары қарай жалғастыру;
2)Аймаласқанда мәнидің шығуы (сүю, ұстау арқылы)

Өзінің қалауынсыз болған нәрселер:
•Өзінің қалауынсыз төмендегі нәрселерге мәжбүрлесе:
1)Қосылу;
2)Өліп қалуынан қорқып аузын ашу
3)Ұйықтап жатқанда аузына су құйып жіберу

●Қателесу:
1)Аузын шайғанда судың тамаққа кетуі;
2)Таң атпады немесе күн батты деп ойлап, ішіп-жеу, қосылу

Қосымша:
1)Күндіз ниет еткен соң ішіп-жеу;
2)Рамазан айында (толық) есінен 1 ай тану немесе кейбір күндері жынды болу

" Нуруль идох " кітабынан ықшамдалып жазылған.
Аманбай Бақдәулет
414 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-04 08:55:59 Оразаны бұзып, кәффарат уәжіп ететін жағдайлар:

Бұл тақырыпты бастамас алдын ең әуелі " Кәффарат " дегеніміз не? Осыған жауап беріп өтейік: Егер сіз Рамазан айының оразасында төмендегі жағдайларды біліп тұрып, әдейі жасайтын болсаңыз оразаңыз бұзылып, оған қоса кәффарат болады. Яғни, сіз бұзған бір күніңіздің қазасына 60 күнді қосып, 61 күн қылып өтейсіз. Арасын еш бөлместен.

Әдеттегі (күнделікті) нәрселерді ішіп-жеу (әдейі);
Қосылу (әдейі);
Әйелінің немесе күйеуінің түкірігін жұту;
Темекі тарту;
Жаңбырдың суын жұту;
Ғайбаттан кейін, хиджама жасатқаннан кейін оразам бұзылды деп ойлап, әдейі ішіп-жеу.

Оразаның кәффараты:

Кәффаратты өтеу:
1) Құл азат ету;
2) 60 күн үзбестен ораза ұстау
3) 60 міскінді тамақтандыру ( 2 мезгіл тамақтандыру, бір кісіні 2 рет тамақтандыру керек)

Кәффарат:

Мойнынан түседі:
1) Оразаны бұзатын амалды жасағаннан кейін сол күні хайыз, нифас келуі;
2) Аузын ашуға шариғат рұқсат ететін ауруға ұшырау

Мойнынан түспейді:
Оразаны бұзатын амалды жасағаннан кейін сапарға шығу ( себебі бұл Алла тағала тарапынан келген үзір емес)

" Нуруль идох " кітабынан ықшамдалып жазылған.
Аманбай Бақдәулет
366 views05:55
Ашу / Түсініктеме