Get Mystery Box with random crypto!

Оразаны бұзатын және кәфәрат уәжіп болмайтын жағдайлар Әдетт | Рухани азық📚

Оразаны бұзатын және кәфәрат уәжіп болмайтын жағдайлар

Әдетте желінбейтін нәрселер:
1)Піспеген күріш, қамыр, ұн, 1 уыс тұз жеу;
2)Тістің арасындағы ноқат мөлшеріндей нәрсені жеу;
3)Топырақ, мақта, қағаз, тас жеу;
4)Піспей тұрып жеуге болмайтын нәрселерді жеу;
5)Түтінді, буды, шаңды әдейі жұту

Дәрі:
1)Клизма жасау;
2)Мұрынға дәрі тамызу;
3)Құлағына, әуретіне, артына май тамызу;
4)Укол салдыру (егер күш беретін болса)

Шәһуат:
1)Ұмытып қосылып қойған соң, ары қарай жалғастыру;
2)Аймаласқанда мәнидің шығуы (сүю, ұстау арқылы)

Өзінің қалауынсыз болған нәрселер:
•Өзінің қалауынсыз төмендегі нәрселерге мәжбүрлесе:
1)Қосылу;
2)Өліп қалуынан қорқып аузын ашу
3)Ұйықтап жатқанда аузына су құйып жіберу

●Қателесу:
1)Аузын шайғанда судың тамаққа кетуі;
2)Таң атпады немесе күн батты деп ойлап, ішіп-жеу, қосылу

Қосымша:
1)Күндіз ниет еткен соң ішіп-жеу;
2)Рамазан айында (толық) есінен 1 ай тану немесе кейбір күндері жынды болу

" Нуруль идох " кітабынан ықшамдалып жазылған.
Аманбай Бақдәулет